Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  105


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАСІРЕТ ТӨБЕСІ

Екінші монолог
Мансап қуған жан болдың көктеміңде,
Шенің де бар, бар және шекпенің де.
Сұм атанып Шындықты шынжырлаған
Сен де өмірден осылай өткенің бе?!
Қасіреттің не екенін түсінерсің,
Өзің ертең қасірет шеккеніңде.
Шеккеніңде,
Қасірет шеккеніңде,
Бірге тозар шенің де,
Шекпенің де.
Биіктерге қарайсың қай бетіңмен,
Өзің ертең төбе боп шөккеніңде.
Жүрсің бүгін адам боп өр еңселі,
Көкірегінен құлаған терең селі.
Көз жіберсем ертеңгі күнге бірақ
Бір жусанның түбінен көрем сені...
Көмбесіне өзінің өктем жеткен,
Кезің және болмапты көктемдеткен.
Қасіреттен өрілген қабіріңе
Жас топырақ салса игі өткен-кеткен.
Бұл ғаламның әлі де егесі көп,
Сан қадалар кеудеңе жебесі кеп.
Айта ма деп қорқамын ертең ел-жұрт
Қабіріңді қасірет төбесі деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу