17.04.2022
  380


Автор: Қалижан Бекхожин

ЕРТІС АЛҚАБЫНДА

Біз «Волгамен» зулап келеміз. Алдымызда құйынды қар иірім толқындай, немесе жөңкілген қалың жыландай мың бұралып асыр салып жүр, ысқырып, ойнақтап келіп біздің машинамыздың доңғалақтарын айқара қауып қояды, моторы күйлі


«Волга» дала тентегінің бұл ажуасына көнсін бе, қарлы бөгесіндерден ырғып өтіп, әдетінше жүйткіп келеді. Алдымыздан, бұрқасын торлаған буалдыр көктің арасынан тұманды таудан жалтылдаған найзағайдай қалың сәуле жарқ ете қалды.


Ертіс өңірінің бұл атырабы өзіме бұрыннан таныс болғандықтан, жалыны аспанға будақтаған алдымыздағы қалың шоғырдың Ермак қаласы екенін сезе қойдым. Сонау бала шағымда, қазақша Жармақ атанған бұл шағын селоға кейде атпен, кейде өгіз жеккен шанамен келгенім бар. Шыған түзден талығып келе жатқан көзімізге алыс қырқадан осы селоның ақ шіркеуі ғана сорайып көрінетін. Сол шіркеумен ауқатты адамдардың


 


өзінше ұқыппен салынған он шақты ағаш үйлері болмаса, бұл селода көз тоқтатарлық ешқандай сарай-жабдық жоқ еді. Сол шақта, сонау отызыншы жылдардың өзінде бұл деревняға қиырдан түнде талмаусырап келе қалып, қоналқа іздегенімізде терезесінен шамы жылтыраған бірен-саран хұжыраны әрең табар едік...


Міне, біз Ермак қаласының ортадағы тас көшесімен жылжып келеміз. Биік жартастай қат- қат зәулім үйлер. Осыдан азғана жылдар бұрын бәз қалпынан өзгере қоймаған Ермак, таң қаларлық зор қала болып кетіпті. Асау Ертістің жағасында елеусіз жатқан бұл Ермакты жаңғыртқан мұндағы алып құрылыс ГРЭС пен ферросплав заводы. Қазір әлемге аян Ермак ГРЭС-інің от қуаты шартарапқа шұғыладай шашырап отыр. Түнектерге сәуле беретін бұл құдіретті күш – менің туған Ертісімнің ересен тегеуріні – мұны мен іштей мақтаныш етіп келем. Дегенмен сезімге ғана берілу – әрдайым абзал емес. Ойлап қарасам, Ертіс сарқырап аққалы қанша заман? Толқынынан өз бетінше от жарқылдатпай-ақ баяғыдан бері бетінше ақты-ау? Ермактағы зәулім сарайлар мен кереметті күштер



  • кейінгі бесжылдықтар орнатқан асқар таудай белгілер, өмірі өшпес халық игіліктері.


Бала кезімде шығыс ертегілерінен естігенім осы тұста есіме келе қалды: қаһарлы бір падиша айдай асқан сұлу қызына ғашық болған бір сиқырлы шеберге шарт қойыпты: таң атқанға қиырдағы шөл жазираға күмбездері алтын шаһар орнатасың, орната алмасаң, басыңды қағып тастаймын, – деп әмір етіпті. Шебер Жамшид сол айтылмыш шаһарды сиқырлы өнерімен бір түнде ай далаға орнатып шығыпты, деп аңыз ететін ескі ертегі.


 


Осы он бес жыл бұрын село пішіндегі Ермактың зор құрылысы бар әйдік қала болып кеткеніне сол бала кезімдегі ертегіге елтігендей таңдандым. Әлбетте, бұл бір «сиқырдың» ғаламаты емес, бұл – ұлы партиямыз бастаған құдіретті еңбек ерлерінің кереметі. Соны сезініп, хош қиялға беріліп, көмекейім бүлкілдей бастап еді, бірақ өлең шіркін ағытыла қоймады, мені өткендегі басқа бір жәйт толқытып кетті...


Павлодардан аттанғанымызға сағаттан асса керек, борандатып әлі гулеп келеміз, машинаның орындығында отырған екі жігіт көп жылдар алшақ кетіп, қайта табысқан ғашықтардай, тіпті жол-жөнекей көріністерге де, жан-жағымыздан жыланша ысқырған құйынға да назар аудармай, бір-біріне иек таяп, беріле сұхбаттасып келеді. Мұның біреуі – өзіміздің белгілі ақынымыз Әубәкір Нілібаев та, екіншісі – «Қызыл Ту» газетінің жауапты қызметкері, журналист Бақи Әбдіқадыров. Бұл екі қаламгер бір кезде Ұлан, Зайсан аудандарында қызметті бірге атқарысқан екен, сол шақтардағы көрген-білген қызықтарын айтып екеуі мәз. Олардың ойлары сонау Қара Ертіске қарай ауған секілді, ал менің қиялымды анамның ақ сүтіндей маған қасиетті көрінген өзімнің ақ Ертісім билеп келеді. Қайран қасқа Ертісім, кенерең кенен дархансың-ау! Баяғыдан бері ексімдеп ағып келесің. Бұқтармаға теңіз орнатса да бұқпадың, енді бір толқын қанатыңды Нұраға қарай жайып, жалынды Қарағандыны кәусәріңе қарқ етіп отырсың!


Біз, Павлодар қаласынан түс ауа шыққан едік. Ертістің кең арнасының үстіне салынған зор көпірден өте бергенде машинаны сәл кідіртіп,


 


сағынышты өзенімнің ұзына бойына көз жіберіп едім, қайран қалдым. Ертісім қақ жарылып екіге бөлініп кеткен сияқты, бір жартысын қар мен көк мұзбасыптыда,екіншіжартысындабуыбұрқыраған ыстық қара су көлкіп жатыр. Қапелімде, аңқау басым, қасымдағыларға: «Жігіттер, Ертістің мұзын ерітетін жаңа бір техника шыққан ба?»



  • деп қалыппын. – Бұрын көрмеп пе едіңіз, бұл будақ су мына Ермактағы ГРЭС-ті тоғытып шыққан Ертістің өз нөпірі, қайтадан арнасына қайнап келіп қосылып жатқаны ғой, – деді. Бұл журналистің жүзіндегі шырайдан не ризалықты, не қынжылғандықты айыра алмадым.

    • Нөпірдің от қуатын шымырлатқаны керемет- ау, бірақ қатпар-қатпар қаншама шойын тетіктерді ысқылап шығып, өзінің ана сүтіндей ақ Ертісті лайлағаны өте өкінішті екен, – деп күрсіндім мен. Машинаны жүргізіп келе жатқан мосқал шофер:

    • Осы жақтың кейбір тұрғындары өзімізге қайнап келіп қосылған мынау ыстық су бізге жаз бойы ванна секілді, күн сайын рахаттанып шомылып аламыз, деп масаттанды ғой, – деп мысқылдағандай болды.




«Ертісімнің аппақ мөлдір суы шалқып жатқанда зәмзәм болса да мынадай мұнай түсті лайсаңға әсілі шомылмас едім»,–деп үнсіз қынжылдым. Бұл неше қилы айғыздарды аралаған су ғой. Ақ қартысты мұз жолағының қасында қап-қара бұлттай тұмандата жылжып жатыр. Химия элементтерінен менің бір ғана білетінім – АШ– ДВА–О формуласы. Ертіске бұрқырап қосылған бұл лайсаң судың химиялық қосындысы жайында мен бейхабар адаммын. Ал осы мұнай түсті су Ертістің суымен жазда араласып, ағады-ау, қазір


 


мұз астымен жымдасып жатқан шығар. Ертіс – электр қуаты, жан-жануардың нәрі де емес пе? Мүмкін бұл шайынды судың кеселі жоқ па екен? Шоферіміз Иван Петровичтің айтуынша – бұл лай суды Ертіске қарай көлкіте салмай, құрғап жатқан арғы жазықтарға қарай жосытуға болмас па?


Менің қиялыма сар аязда Ертістің көкше мұзында темір тоғанмен сырғанақ теуіп асыр салған шақтарым, жазғы нөсер боп аққан мөлдір суында қасқалдақтай сүңгіген жас кездерім елестей қалды. Көкейіме түйіліп жүрген өлең шумақтары ағытыла қалды:


 


Есіме кеп өткенім, Ертісім, сені сағындым, – Сағынғандай көктемін Ерке жастық шағымның. Жағаңда мен ержеттім Естіп толқын дауысын.


Бесігімді тербетті Әлди болып ағысың. Айғайлап ем сүйсініп, Өрсе селдей тасқының. Дүбіріңді түйсініп, Құдіретіңе бас ұрдым.


Балаңмын ғой, мен сонда, Ақ төсіңде аунап ем.


 


Ол жылдарым Ертістің лек-лек толқынындай ағылып, кезегімен алысқа зымырап кеткен. Бірақ осы өңірде өткен бір жайттар көз алдымда, боранды жолды жырып, тап кешегідей жарқырайды. Осыдан қырық жеті жыл бұрын, тап осындай сұрапыл қыста Ертістің осы жағалауында келе


 


жатқан едім. Бірақ онда мен қазіргідей жеңіл машинамен емес, өгізбен ілбігенмін.


1930 жылдың январь айы болса керек, Павлодар аудандық комсомол комитетінің пәрменді жолдамасы бойынша жеті жылдыққа жетер- жетпес білімім бар, он жеті жасар мен Ертістің осы өңіріндегі Шыған ауыл советіне мұғалімдік қызметке сапар шектім. Керекуден әлдекімнің ат жеккен шанасына отырып жол тартқан едім, Ермак ығындағы «Еңбек» колхозынан әрі өгіз жеккен шанаға тап болдым. Ол бір қиындығы мол қилы кезең ғой. Қазіргідей машинамен тербелетін ерке шақ емес. Қазір машинамен зулаған жағада өгізді шанадағы, бензинді бөшкеге сүйеніп, қалтырап бүрсиіп келе жаттым. Киген киімім де берекесіз, жұқалаң. Боран әлегін сонда көрген едім. Ертістің қалың тоғайына қарай қиыр жоннан үрке қашқан үйірлі аңдай топан құйындар құтырына, ышқына лап береді, сірә, ашыққан, арыған қос өгіз де ексімдеп соққан бораннан шайқалып, тәлтіректеп аяғын әрең басқан болар. Боран сәл саябыр тапса мен жылыну үшін өгізден озып біраз жүгірсем керек. Сондағы тоқталар нысанам Шыған ауылына қарасты «Қызыл құрама» колхозы. Онда мен Керекуден жүз шақырымдай сол жерге арада төрт күн қонып жеткен едім...


Міне, сонау кезеңге қырық жеті жыл өткеннен кейін бүгін, сол «Қызыл құрамаға» қайта бет бұрдым. Енді өгізбен емес, жылы, жүйрік «Волга» да боран дегенді елең қылмай, жүйткіп келемін. Қиын кезде осынау Шығанға келіп, өз білімімді бауырларыма бөліп берген – ең алғашқы қызмет мектебімді көргелі асығып та, қуанып та келемін...


 


ІІ


Мен аңсап келе жатқан «Қызыл құрама» совхозым жолымызға таяу болса да, біз одан әріректегі аудан орталығы Белогорье селосына алдымен баруды мақұл көрдік. Белогорье деген бір кезде мен көргенде азын-аулақ жұпыны үйлері бар шағын ғана мекен еді. Ермактай асқақтаған үйлері самсап тұрмаса да бұл қиянға жолаушының көзі тартқандай бірнеше қат-қат үйлер, көрнекті еңсесі биік мектеп, мәдениет сарайы, әсем магазиндер пайда болыпты.


Біз, Май ауданының партия комитетінің кеңсесіне келдік. Кабинетіне енсек, аупарткомның екінші секретары Рашид Шугаев жолдас телефонды аузынатақайтүсіп, алыстағыәлдекімгезекисөйлеп жатыр екен. Менің жол серігім Бақи бұл кісіні маған сырттай таныстырғанда, білімді, парасатты, байсалды қызметкер деген еді. Тегінде түр-тұлғасы келісті болса керек, бірақ оның абыржыған сұсты жүзінен, телефонда дірілдетіп безілдеген даусынан байсалдылықтан гөрі, төтенше бір ашудың ызғары сезілгендей. Бізге бас изеп амандасты да, телефонға шұқшия түсті:


– Ақшиман! Ақшиман! Бес жүз жылқы түгелімен ауып кетті ме? Қайда? Жылқышыларың не бақты? Өзің не бітіріп отырсың? Қалмаққырған тауы да бірге ауып кетті ме? Әй, сүмелектер-ай...


Бұдан батымырақ белді бір сөздерді айтып қала жаздады білем, жазығы жоқ телефон бейбақты дүңк еткізіп қоя салды да бізге, жүзін сәл жылыта сөйледі:



  • Кешіріңіздер... Қош келіпсіздер... Байқаған боларсыздар, боран үдеп тұр ғой. Ал сонау жонда, Қалмаққырған тауының  айналасында бір-екі


 


күннен бері көз көргісіз сұрапыл. «Ақшиман» совхозының бес жүз жылқысы ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. Қалай қарай ауғаны белгісіз, – деп демін әрең алып бөгелді.


– Борантұтқиылдантүтеп, жылқышыларадасып қалды ма екен, әлде қадағалап бақпағанның кесірі ме? – деп қалды Бақи, газетшілік әдеті бойынша, қолына қаламын алып...


– Сұрапыл «мен соққалы тұрмын, сақ болыңдар!»



  • деп қай заманда хабар берген еді? Кінәнің алды жылқышылар да, көпшілігі жастар, анау қыратта жылқымыз тебіндеп жатыр, солай жусай берер, деп жайбарақат бетінше ләйліп кететіндері бар, әйтпесе он бес, жиырма бас емес, осыншама жер қайысқан жануардың бір бұрқасында зым-зия жоғалуы ақылға сыймайды, масқара! Жердің бір тесігіне еніп кетсе де ауған жылқыны табуымыз керек!

    • Әлгі ауа райын зерттейтін бір болжағыш мекеме бар емес пе? Қатерлі боран болар күнді солар ескертпеді ме? – деп қалдым, ғылым негізінен сүйеніш іздегіш мен.




Рашид мырс етті.


Ол мекеменің де сәуегейлігі шамалы, мезгіл райының құбылысын алдын-ала болжап білетін тәжірибелі қариялар бар еді бұрын, олар дүниеден біржола ауған... Ондай болжамға сене қоятын жастар бар ма осы кезде...


Рашид енді маған қарап: – Сіздерді «Қызыл құрама» күтіп отыр. Облыс маған хабарлаған еді, сіздердің келетіндеріңізді совхоз, мектеп басшыларына жеткізгенмін. Қазір жүріп кеткендеріңіз мақұл. Бірге барар едім, мынау сұрапылдың   зобалаңын   қарашы!   Іргелес


 


аудандарға,   жан-жақтағы   шаруашылықтарға


«Ақшиманың» ауып кеткен жылқысы жайлы жар салуым керек. Облыстан самолет, вертолет сұрауым керек! – деп Рашид аласапыран ойын асыға айтып, алқына тоқтады.


 


* * *


Біз «Қызыл құрамаға» кешең келдік. Мен ерте тұрдым да өзім сағынып келген бір кездегі колхоз жерін аралап кеттім. Осыдан қырық жеті жыл бұрын мен сабақ берген мектеп биігіректе жар басында еді ғой. Сол белесте қазір қаз-қатар тұрған аппақ үйлердің арасынан ескі мектептің жұртын табу да қиын еді.


Мен мектеппен қоса, осы Ақсу ауданындағы ескі досым Шәймен Ысқақовты да іздеп келген едім. Өмірде талай досым бар шығар, солардың ішінде бұл кісі менің жас шағымда маған өзінің ыстық мейірімімен, адал көңілімен ұнаған абзал дос еді. 1930 жылдың январында, сақылдаған сар аязда мен осы «Қызыл құрамаға» өгізбен қас- қарая қарсы алып, үйіне паналатқан осы Шәймен Ысқақов болатын.


«Қызыл құрама» ол кезде берекесі кетіңкіреп тұрған колхоз еді. Шамасы елу шақты шаңырақтан құралса керек. Азғана малының көктемге көтерем болып шығынға ұшырағаны да есімде. Ертістің шалғыны мол алқабынан мал азығын жинап алуға колхоздың шамасы келмегені ғой. Тағы бір есімде қалғаны – көлемі жүз гектарға жетпейтін егістікке тұқым қоры тапшы болғандықтан, біз комсомолдар, үй-үйдің кебежесін ақтарып, қадақтап дән жинаған едік. Шәймен – сол тұста колхоздың бригадирі, әрі комсомол ұйымының


 


жетекшісі. Мені алғаш белсенділікке баулыған осы Шәкең еді. Менен үш-төрт жас үлкенірек болса керек. Адал белсенді, іскер жігіт болатын. Шәймен маған ауыл жастарын жинастырып, егістікке жиналған тұқым қорын жаяу тасуды ұйымдастыр деп нұсқау берді. Жетекшіміздің бұл тапсырмасын бұлжытпай орындадық. Көктемде ауылдағы бұзаулы сиырларды айдап барып, арыған өгіздер мен аттары саптан шыққан соқаларға сиыр жегіп бергеніміз де есімізде, мұнымыз әпербақандық болып көрінуі де мүмкін, қазіргі жастарға. Жоқ, мен сол бір қиындығы мен қайшылығы астасқан кезеңде клохоз жұмысына жан аямай берілген отызыншы жылдың комсомолдарын ардагерлер санатына қосқым келеді...


Осыдан үш-төрт жыл бұрын мен Шәймен досыма сағынышты хат жазып, мынадай өлең жолдаған едім:


 


Есімде сонау бір қыс, досым Шәймен, Ертістің ықтап ұшқан құсындай мен. Қалшылдап үскірікте келгенімде, Мүсіркеп жылытып ең ыстық шәймен. Есімде жарда тұрған күйкі мектеп.


Әбекең сабақ берген күйбелектеп. Мен-дағы мамырладым, төрт амалмен


Жалғауды жұрнақтарға жамай көктеп. Жаутаңдап көген көздер отыратын, Сабақ та бала миын қатыратын,


Өзегі құлазыған қыршындарды, Түйір нан – мүшкіл ойға батыратын, – Есімде, аяз мені сол шыңдаған, Белсенді болып мен де ердім саған.


Топтасып су мұрындар мен құсаған.


 


Ал, достым! Баяғыша жай құлашты, Суытып, сонау жастық қайда қашты? Япырау, шашың қара, көзің нұрлы, – Басымды менің қалай қырау басты? Разымыз – ата болдық жас ұрпаққа. Өмірді сайға қарай бастырсақ та, – Сағымдай көзімізге елестейді,


Сол дәурен зулап өткен жастық шақта.


 


Сол досымды көріп сонау өткенді еске алса деп, құмартып келе жатыр едім, мені совхоз директоры Нәжімеден Дуғалов қуып жетті.


Балуанға біткен денесі бар, кеудесі де сондай кең бұл кісімен мен бұрыннан таныс едім. Сәлемдескеннен кейін мен Нәжімеденнен Шәйменнің үйін іздеп жүргенімді айтып едім, ол кісі күрсіне басын шайқады.



  • Кешіктіңіз, жуықта ұзақ науқастан қайтыс болды. Марқұм, өзіне арнаған сіздің өлеңіңізді бәрімізге оқып беріп: «Міне, мен қандай комсомол болдым!» – деп мақтанатын.


Мен тұнжырап кеттім. Сағынышты досымды көре алмай қалғаныма өте күйіндім. Артынша совхоз орталығының сыртындағы Шәйменнің қабырына барып, басына тауап еттім...


Бүгін, боран тыныстап, аспан ашық еді. Совхоз орталығы орнаған дөңестен сол маңдағы Ертіс алқабы айқын көрінеді, танып тұрмын – әріректе қара тоғай, арасынан ақ қарлы мұздары күнмен шағылысқан Ертістің өз арнасы, беріректе жылға



  • Ертістің айрығы Ақсу. Сол атырапқа бұрынғы мыжырайған қора-қопсының орнына, мал қыстайтын аумағы үлкен базалар, шаруашылыққа, техникаға қажетті  жайлар,  еңбеккердің жаңа


 


тұрғын үйлері жайнап көрініп тұр.


Директор өз совхозының игіліктері жайлы маған ықыласпен әңгіме шертіп келеді. Екеуіміз совхоз орталығын аралап жүрміз. Бұл совхозда бес жүзге тарта семья болса, солардың көбінің босағасы биік, төрі кең екі-үш бөлмеден жақсы үй жайлары бар. Баяғы сүреңсіз колхоз, бұл кезде аудандағы ірі шаруашылықтың бірі. Совхозда төрт мыңдай қара мал, он сегіз мыңдай қой, мыңға тарта жылқы бар. Отыз үш мың гектар жерге дән себетін бұл шаруашылық жыл сайын мемлекетке он тоннадан аса астық тапсырады екен. Совхоздың кірісі де айтарлықтай.



  • Біздің мал азығымыз да жеткілікті. Ырысы мол Ертістен жазда көк майсаны көбірек үйіп алғанбыз. Малымыз күйлі. Партия ұрандап отырған қызу жарыста озаттар қатарында боламыз деген сеніміміз зор...


Көріпкелеміз. Екіқабатүйлер, балаларбақшасы, мектептің зәулім жатақхана интернаты тұр, жаңа салына бастаған мәдениет сарайының дуалдарды да көзімізге шалынды. Мен ескі мектебімізді есіме қайта түсірдім. Нәжімеден шетендеп тұрған шағын бір үйді көрсетіп:



  • Міне, сіздің бала оқытқан мектебіңіз, – деді. Қарасам, мен көрген мектепке ұқсамайды. Ол кезде екі бөлмесі бар, алғы коридоры бар, шатырлы бұл үй онда еңсесі биік секілді еді, енді терезесі бекітулі, шатыры қисайған, іргесі жерге шөгіп кетіпті, сылақтары түсіп, бөренелері менің шашымдай болып, қуарып қалыпты. Бұл, сірә, бір болымсыз заттардың қоймасына айналған секілді. Осынау жұпыны үйдің ішінде, ол кездегі он жеті жасар бала мен, талма өзек шақта жаутаң көз


 


ұландарға сабақ оқыттым-ау... Өзімнің де білімім жеті жылдық оқудың сатына жетер-жетпес еді ғой... Нені үйреттім екен? Бірақ қиын болса да ширығы күшті албырт шағымның сол кезеңі де жақсы еді!



  • Сол кезіңізді көрген, білгендеріңізді еске алысып әңгіме неге жазбайсыз? – деп қалды маған Нәжімеден.

  • Жазуға тиістімін. Отызыншы жылдың көктемі, сол шақта алдымнан өткен қилы-қилы уақиғалар менің жадымда өшпестей сақтаулы, сол елестер көкейімді күйдіріп жүрген тақырып, мұны кешікпей жазармын...

  • Міне, мектепке де келіп қалдық, осында сізбен кездесеміз деп мұғалімдер, шәкірттер күтіп отыр, біраз ауыл ақсақалдарын да шақырық, жүріңіз, – деп, мені мектепке жебеледі Нәжімеден.


Біз мектепке ендік, мектеп директоры Зайдолла Құрманов өз мектебімен таныстыра бастады. Амангелді батырдың есімімен аталатын бұл мектеп өзіміз көріп жүрген астана мектептерінен кем емес, қат-қат болып кең әсем салынған екен. Онжылдық бұл мектепте қазір қырыққа тарта мұғалім бар, солардың тек тең жарысы жоғары дәрежелі білімі барлар. Мектептің клубының кең залына жиналғандар – оқытушылар, оқушы балалар, солардың ата-аналары, қариялар.


Маған жүздері жылы көрінген жерлестеріме мен, осы жердің топырағында сонау отызыншы жылда, өмірден алғашқы сабақ алған шақтан бері өзім өткен уақыт белесін шолып, есеп беріп тұрмын. «Қызыл құрама» колхозшыларының сол жылдардағы ауыртпалықты жеңіп шығу үшін  қандай  қиындықты  бастан  кешкендерін


 


баяндап, тебіреніп те кеттім, менің бұл естелік сырымды осы жердің төл тумасы, 1924 жылдан комсомолға мүше болған, бұрын партия совет қызметінде елеулі қызмет атқарған, қазір пенсионер Смағұлов Сағидолла ағай да қостап кетті. Қысқы каникулдан кеше ғана оралған жасөспірімдер көздері жайнап, өткеннің әңгімесін тыңдап, өздерінің қазіргі бақытты шақтарын жыр еткенімізде, серпіліп қуанып қалысты. Осы мектепті ертеректе бітіргендер, осы ауылдың тумалары қазір Алматыда, тағы басқа қалаларда ғылыми немесе түрліше қызметте жүр. Совхоздың өзінде мұғалімдерді қоспағанда, жиырмаға тарта әртүрлі саланың мамандары бар. Мынау залда отырған жасөспірімдер де ертең білімді, туған жеріне пайдалы жақсы азамат болып шығады- ау деп, мен олардың жүздеріне, әкелік мейірмен сүйсіне қарай бердім.


Осы совхозда жақсы әнші, музыкант жастар да бар екен. Совхоздың жас мамандары Қуат Есімханов пен Нығымет Қалышев гармонға қосылып атақты Естай мен Майраның әндерін шырқағанда, біз Алматының белгілі артист- әншілерін естігендей ерекше серпіліп қалдық. Бұл жас әнші Бөтес Шайхинамен бірлесіп жуықта облыс орталығында концерт қойыпты, өнерлеріне көрермен жұртшылықтан жақсы баға алып қайтыпты. Бұл өнерлі жастар (бұл ауданда ондайлар аз емес) бұрынғы халық әндерін де, қазіргі жаңа әуендерді де өздерінше әсірелеп, нақышына келтіріп әсем орындайды. Ешкімнің нұсқауынсыз- ақ бір сәт ұйыса қалған үйірмесіне бұлар «Әнші Майра» ансамблі деп ат қойып алыпты. Іске сәт!


Мен осы жастардың тамаша өнерлеріне таң


 


қала отырып, іштей өкінішті ойға да шомылдым. Өкінішім сол, бір заманда осынау өлкеден Жаяу Мұса, Иса, Жарылғапберді, Майра сынды өнерпаздар атағы қазақ жерін жаңғырта шыққан еді-ау, енді сол атыраптан, әсіресе Баянауыл мен Ертіс жағаларынан ән дүбірі неге шырқап еспей қойды? Мынау Семей, Қарақалпақ, Өскемен айналасынан, сонау Гурьев, Орал, Арқалық аймақтарынан шыққан жас өнерпаздардың дүбірлері, қалса бүкіл Республикаға, асса күллі Одаққа, тіпті кейбірі шетелдерге де масайрап жетіп жатқан жоқ па? Бұл облыста айтарлықтай өнер ансамблі жоқ, Баянауыл мен Лебяжі аудандарында халық театрлары бар екен, мен көргенде олардың театр үйлері отызыншы жылдың басындағы жүдеу барақтарға ұқсайды, дуалдары шіріп құлағалы тұр еді. Әлі де өзгермепті. Сол театрларға да (мен театр жетекшілерімен сөйлескен едім) облыс, аудан тарапынан қамқорлық, жанашырлық сезілмейтін көрінеді. Менің қадірлі жерлестерім, басшы азаматтар-ау, кешірерсіздер, мұндай қырсыздық, немқұрайдылыққа өкінбеске, күйінбеске болар ма?!


 


ІV


Біз Ертіс аңғарын кесе-көлденең өтіп келеміз. Бетіміз Ертістің арғы жағасындағы Лебяжі ауданы. Таңертең қылауланып, бозарып тұрса да, қазір аспан ашық. Ертіс мұзын айқара жамылған аппақ қар күннің селдір шұғыласымен шағысылып жалт- жұлтетеді.Жан-жағымыздабұталарыбозайғырдың жалындай жалбыраған ақша қарлы ағашы қалың тоғай. Алаңқайларда ақ түндікті күмбез үйлердей, төбесін қар басқан көптеген маялар. Сол


 


аралықтардан, шошақтар қалтарысынан кейде аяқ қояндар, кейде қызыл түлкілер бұлаң етіп жорта жөнеледі. Машинамыздан сескенбесе, сірә біздің мылтығымыз жоғын шіркіндер сезетін секілді, кердеңдеп баяу ығысады.


Ертістің  бұл  тұстағы  алқабының  ені он шақырымдай болатын. Жас кезімізде байқайтынбыз, жазғытұрым мұзы жарылып, Ертіс бұрқан-сарқан тасығанда оң жақтағы жағадан, алабы он шақырымға жетерлік сол жиегіне дейін нөпірі көл-көсір жайылатын. Сол су жайылған алапқа Ертістіңұзынабойынакүзгетаманарасынан салт атты адам көрінбейтін қалың телегейдей көк шалғын шалқитын. Көптен бері Ертіс көктемін көрмегеніме кінәлімін. Қазір де кенересі кең Ертіс шабындыққа бай секілді. Жолдағы мынау тау-тау маяларды көргенде, мен осынау ақ торқа маңнан маған өзен иісі, қар иісі, пішен иісі аңқығандай болды. Ертісіме разы болып келемін. Ертіс алқабының малы ықпайды да жұтамайды...


Лебяжі аудандық партия комитетіне келсек, бірінші секретары Темірболат Шарафиденов жолдас бөлмесінен шығуға ыңғайланған екен. Бізді көріп бөгелді. Бұл кісімен бұрын аздап таныс едім. Жайшылықта мінезі сабырлы, пайымды бұл адамның жүзінде де абыржығандық сезіледі. Тегінде партия қызметкерінің жайбарақат күні бар ма? Беймаза ойын айта бастады:



  • Сонау Баян, Қалмаққырған жақта соққан сұрапылдың сілемі бізге де жетті. Облыстан бұйырып жатыр! Баянауыл ауданының бірер совхозынан мал алып, қыстай күтіп сақтап беріңдер. Ол жақтың жем азығы жетіспей, малдарының жұтауы да мүмкін деп.


 



  • Қыстың басы январьдан-ақ мал азығы жетіспегені ме? Жоба-жоспар деген бар емес пе? Келер қыстың ертерек түсуі мүмкін, төтенше сұрапылы болып қалуы мүмкін дегенді ауданды басқарып жүрген азаматтар ойламады ма екен?



  • деп әдетімше шапшаң күйіндім. Темкең маған ойлы көзбен қарады да:

    • Шындықпен жоспардың кереғар түсетін кезеңі де болады. Оларды қазір сынап жатуға мұрша жоқ. Социалистік жарыс бар жерде, социалистік көмек те болмақшы. Баянға қалай да көмектесуім керек. Екібастұз ауданы да мол қыстау жөнінен сондай жүдеу күйде көрінді. Аудан болып өзіңіз өлеңдеріңізде мадақтай беретін сол Баяныңызға көмектессек дейміз. Өзіңіз Ертісте тусаңыз да бүйрегіңіз Баянға бұрыла береді, – деп аупартком секретары мені аздап әзілдеп де алды. Ертістің осы жағасына сонау үш жүз шақырымнан астам алшақтан қақаған боранда арық-тұрық малдарды жеткізу де бір жауынгерлік жорыққа пара-пар. Әкеле жатқан бейшара жануарлар қиырсыз құйынды жонда мерт болса, кім жауапты?

    • Сол үшін,  –  деді  Шарафиденов  жолдас,



  • бірнеше жүк машиналардан керуен ұйымдастыруға совхоздарды аралауға шыққалы тұр едім жаңа. Және де бұл бөгде малды қандай совхоздарға жайғастырсақ екен? Ауданымыздағы шаруашылықтардың мал азығы артығымен жеткілікті. Берекелі Ертіс алқабының мол несібесін керегінше жинап алғанбыз. Боранға бұғатын малшымыз, құйынға ығатын малымыз жоқ. Ал мынау төтеннен қосылғалы тұрған түліктерді қалай сақтап шығамыз? Бізге әбден титығы жетіп келеді ғой. Ол жануарлар келе сала


 


өрем қапса қайттық? – Темкең біраз ойланды да:



  • Малын баға алмаған аудан осы малдарын бізге біржолата берсін деп облыс басшыларының алдына мәселе қойғалы отырмын, – деп бөгелді.


Шарафиденов жолдастың абыржыған асығыс күйде екенін сезіп, біз сапарымыздың жөн- жосығын хабарладық.



  • Еңбек адамдарымен танысқыларыңыз келсе, сіздер алдымен Бесқарағай асыл тұқымды қой заводына барыңыздар. Онда бірнеше атақты еңбек ерлері бар. Бұл асыл тұқымды, биязы жүнді қой шаруашылығы аудан түгілі, бүкіл облысымыздың бекте ұстар мақтанышы. Сондағы омырауларындағы алтын жұлдыздар жарқыраған қариялармен, олардың ізбасарлары өсірген мүйіздері емендей, ірілігі арқардай асыл қошқарларды өзге атыраптың шаруашылықтары таласа сатып алады. Ал, біздің ХХІІІ партсьезд атындағы совхозымызда аналы-балалы екі даңқты адам бар. Социалистік Еңбек Ері Күләй Шарбақбаеваны бүкіл республика білетін шығар. Ері ертеректе қайтыс болып шиеттей төрт баламен жесір қалған сол әйел, жиырма бес жылдан бері осы совхоздың қойын бағып келеді. Өнегелі озат жұмыстары үшін бірнеше рет үлкен ордендермен наградталып, кейін Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ал, баласы Қабдінәсір Шарбақбаев қойын күйлі етіп төл өсіру, жүн өнімін асыру жөнінен социалистік жарыс майданында ең озық көрсеткіштерге жеткені үшін Республикалық сыйлықтың лауреаты болды.


Бұлардың өмірі мен істері қандай қызық тақырып. Міне, осыларға барып, соларды жазыңыздар! – деп кеңес берді бізге аупартком


 


секретары...


Екі күндей осы маңда болып, біз Темкең нұсқаған совхоздарды аралап шықтық. Малдары күйлі, бәрі де бабында. Асыл тұқым қой заводының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Сыздықов Жанпейіс ақсақалмен сәлемдестік, оның ізбасары Жанғожин Жұмабекпен қой отарында кездесіп ұзақ әңгімелестік. Атырабына әйгілі аналы- балалы Шарбақбаевтардың да еңбек ерліктерімен танысып, жаңа бір дастанның бетін ашқандай болдық. Өмір өрістері түрліше еңбектегі ерен істері ғанибет – бұл тамаша адамдар сипаты расында да ұзақ жырмен, келелі әңгімемен толғануға тиісті.


Керекуге қарай беттеп келеміз. Ертістің арғы бетіндегідей емес, бұл өңірде бүгін төтен сұрапыл жоқ, жол үстінде жеңіл шаңдай ғана қар жорғалап жүр. Мен тағы да ойға батып келемін. Баяғыда боран көбінесе терістіктен, Сібір жақтан бұрқырайтын секілді еді, бұл кезде Ертістің күнгейі мен батысынан лап беретін болған.


Алдымыздан қорабшасы кенеппен қапталған жүк машиналар ағыла бастады. «Волгадан» мойнымызды соза қарап едік, артқандары мал екен. Іле-шала түсе қалып, келесі машинаны бөгедік. Қарасақ, тілерсектеріне мұз қатқан сиыр жануарлары екен. Тоңған да шығар, ашықққанда шығар, қалтырап дір-дір етеді. Біз «Қайдан?» –деп едік, ашулы шофер «Баяннан!» – деп машинасын гүр еткізіп қозғалып кетті.


Павлодар қаласында, зәулім үйлердің арасында ерекше сәулетпен салынған асқар таудай «Ертіс» атты мейманханада менің пешенеме жазылған бір бөлме болатын. Сапардан шаршап келген басым, бөлмемешешініпжатақалдым.Басқажолаушының


 


басына бермесін. Бөлме мұздай суық. Ертістің арғы бетіндегі ақ боранның үскірігі осынау бөлмеге баса кіріп кеткен секілді. Терезелері мұзды әлеміштен шытынап тұр. Есіктерінің асты көртышқан кіріп кеткендей ашық екен, ызғырық жел гу-гу етеді. Жаурап, құтым қаша бастады. Мүмкін, осының батереясына ыстық су келмей жатқан шығар деп, сипалап едім, аздап жылу бар екен, бірақ батареясы қандай десеңізші! Біздің Алматы үйлеріндегі батареялар – түйенің тоқпақ жілігіндей толықтау болушы еді. Ал мына мейманхананың ыстық беретін батареялары – ешкінің қабырғасындай жіңішке екен. Сірә, бір білгіш шойынмен қоса Ертіс суын үнемдеуді де тапқырлық қисынға алып, су түтіктерін осылай нәзік жобамен жасаған болу керек. Денем сырқырап, бойым мұздай берген соң бар киімімді киініп алдым да ойға батып қалшиып отырдым да қалдым. Менің қиял жазығымда Қалмаққырған тауын айнала соққан ақ сұрапылмен ауған жылқы ойнақ салғандай болды. Мен таңды өлеңмен атырдым. Ертерек тұрып, бөлмеден шыға қалып едім, мейманхана ішінен маған Май аупарткомының өзіме таныс екінші секретары Рашид Шугаев кездесе кетті.


– Сүйінші! – деді Рашид, разылықпенкүлімсіреп,



  • жоғалған жылқылар табылды!

    • Сүйіншіңе бір өлең! Түгел аман ба, шығынсыз ба? – дедім мен шынымен қуанып.




– Сұрапылдамайданғой. Шығынсызмайданбола ма? – деп жауабын келте қайырды. Мен бөлмеме қайта оралып, өлеңімді қайта жалғастырдым. Сол жырым былай толғанды:


 


Қонақ үйде жаттым түнде құлазып, Қиялымды құйын басқан құз жазық. Соққандай-ақ сол сұрапыл бөлмемде, Аунақшыдым тұла бойым тоңазып, Кеше ғана қайтып едім Ақсудан.


Мазамды алды түні бойы Ақшиман. Құйын қуған, қалың жылқы кісінеп, Қасқыр ұлып, азу тісі ақсиған.


Қайран жылқы, серісі ғой даламның, Талай заман, өрген қыста талай мың. Бомбасы бар боран ба бұл, қалайша? Ықты жануар! Ойлап соны алаңмын. Ырық бермей сұрапыл мен дауылға Ата-бабам «Қалмаққырған» тауында, Сақтап қалған ұрпағын да, малын да, Қуып шығып, ақ борандай жауын да. Дүбірмен быт-шыт ауған жылқыны Беймаза боп, өтті менің бұл түнім.


Ерте тұрдым, құрағынан шыққандай, Ақ борандай алай-түлей ұйқының.


Отырдым мен, әлде не деп күбірлеп, Малы ауған жылқышыдай дірілдеп.



  • Сүйінші, – деп келді Рашид сол сәтте, Қырау басқан қас-қабағы күлімдеп.

  • Ыққан жылқы бәрі аман табылды, Жеңдік білем, тобыр аңдай дауылды, Сұрапылды жеңгендерді жырлаңыз. Мадақтаңыз, біздің малшы қауымды. Көрген едім бұл жігітті бір шақта, Майдандағы командирдей штабта, Бұйрық беріп, біреулерге штабта Хабар беріп, жер-жердегі қыстаққа. Енді бүгін сұсты емес айдары, Жүзінде жоқ сол ашулы айбары.


 


Ойла, бауырым, алапат жау қыстың бұл Әлі де бар алда талай майданы...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу