Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  406


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Назды әуен әлдилеген бесігімнен

Назды әуен әлдилеген бесігімнен,
Сыбызғы жеткен сыңсып есігімнен.
Құлаққа мұң мен бақыт түгел дарып,
Уантар ғұмыр бойы қос уілмен.
Көрдім көп жақсылықты, жамандықты,
Жомарт жан қарсы ап мені, сараң бұқты.
Қатпаған бұғанама аямастан,
Бір тарих салды аударып тамам жүкті.
Сыбызғы ән әлдилеген бесігімде,
Ұштасты талмаурай кеп осы күнге.
Болдым жақ қайда жүрсем махаббатқа,
Күндеске болмай пұрсат өшігуге.
Өмір түз, түздің жолы тарау-тарау,
Тосады тоғысардан көңілі қарау.
Жүрегін жалау етіп өтеді ақын,
Жанады қызғалдақша жалғыз жалау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу