Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  127


Автор: Тәкен Әлімқұлов

„Қайным-ау!” деді

(Өзбек ақыны Миртемірдің ізімен)

– Жеңеше-ау!—дедім,
– Қайным-ау! — деді.
– Жеңеше жан! — дедім,
– Айнам-ау! — деді.
– Сықылықтай бермей, сүйгізші,— дедім,
– Қартайдық қой, қайным-ау! — деді.
– Қартайган көңіліңді игізші,— дедім,
– Ох, есімнен тандым-ау! — деді.
– Етпеші әжуа, жеңеше! – дедім.
– Расымды айтам, қайным-ау! – деді.
– Еркелетші ендеше, – дедім,
– Ох, есімнен тандым-ау, – деді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу