Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  153


Автор: Тілеубек Батыс

Жан ұшындағы жыр

Бір күндерайларбір мезет


Періштелерді үркіткен адал сезімім жоғалды.


Кеңістік сыртында қалқиды мұндалап.


«Мені бақытты қыл», – деп


Құдайға салмақ салдым,


Ол да уақыттың уысында тоналды.


Өзімді ұмыттым


 


Қарашығымда жұтылған дүниенің ескі елесін


Өлген әлемнің соңғы нүктесіне байладым.


Құдайшылығы жоқ Құдайдың құзырына да


Алақанымды жаймадым.


 


Көзмоншағымнан үзілген жан ұшындағы жырым


Күнәһар ойға жетелейді бір уақ.


Сана иірімімнен тайып кеткен жанарыма


Самарқау жүзім жылымақ.


 


Үміт симфониясына мастанған сезімім,


Сезім емесзаращы


Үнсіз тыңдадым


Сабырлық танытқан алдамшы кермек дәмем де


Мауық майданында адасты.


 


Аспанмен жалғасқан көкжиектің ұлы тыныштығын


Бұзуға дәрменсіз қалдым діңкелеп.


Таң азанғы тіршіліктің жағымсыз шуылын


Әзер сыйдырдым аядай күркеме.


 


Алакеуімде шыққан күннің әлсіз нұрына


Жаһанды жаулаған қараңғылық тұншықты.


Аппақ әлемнің сағымынан тамған мың сәуле


Санама сіңген қара түнекті


Түссіз жанарымнан ыршытты.


 


Қарғалардың әсем қарқылынан


Өлексе болған өлік санамды ояттым.


Мүрдеме құлшылық еткен фәнилік құстарды


Әлмисақта жоғалған тәнімнің бөлшегі


Аппақ түстерге бояпты




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу