Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  111


Автор: Қалижан Бекхожин

ТӨРТ СЫЙ

(1815)
Арапқа Алла сыйлапты,
Қасиетті төрт нәрсе
Болсын деп сұсты, сымбатты,
Ерлер, ғұмыры өткенше.
Шалманы берді әскерге,
Тәж біткеннен қадірлі.
Шатырды берді көшкенде –
Баспана, қырда дауылды.
Болатты берді шып-шымыр,
Жартас пенен дуалдан.
Тұтқындайтын берді жыр,
Өр сұлуды сыланған.
Гүл жинадым жырыммен,
Сұлулардың шашынан
Әйелдер пәк сырымен,
Маған адал асыл жан.
Гүл мен шырын толы енді,
Жайнап толы дастарқан,–
Ғибрат тұтсаң өлеңді,
Бұл жаңа жыр басталған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу