Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  111


Автор: Қалижан Бекхожин

ДҮНИЕДЕ ДЕГЕН ШЕКСІЗ ҒОЙ

(1814)
Дүние соңын білмесең – Ұлылығың.
Мәңгіліктей бастаусыз – тудың мығым.
Дөңгелеген дүниеде – жырың аспан,
Соны оның – бастауы сырын ашқан.
Суалмайды, қаныңда қайнар дәйім,
Поэзия бұлағы аққан сайын.
Ерін берді сүюге тәңір бізге.
Жыр шалқиды киелі кеудемізде.
Шарапты да аңсаймыз іздеп тіпті
Достарға біз тілейміз, ізгілікті.
Әлем маған немене? Тағдыр саған
Көндігемін, азап бер мейлің маған.
Хафиз! Келші, екеуміз дос болайық!
Махаббатты, қасіретті шексем бірге,
Бақытым сол, разымыз бұл өмірге,
Бірақ сен үлкенсің ғой, ием бас,
Қайталанбас, асыл сөзің мәңгі жас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу