Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  86


Автор: Қалижан Бекхожин

АДАМЗАТ ӨРІСІ

(1779)
Баяғыда, ерте заманда,
Әулие баба сұстанған
Сабырлы қолмен ғаламға,
Күркіреген бұлттардан,
Найзағайды иіріп,
Ашқарақ жерге сепкенде,
Рия шапан етегі,
Айрылмай әрең қалыпты,
Сәбидей діріл налыпты.
Ләзім емес пендеге,
Теңдесуге құдаймен.
Айтпас ешкім ондайды:
Жұлдыздармен түнекте,
Кездессе де ол көкте
Ол таяныш таппайды.
Ұлтанына тайғанақ,
Бұлттар мен жел ұйпалап,
Ол шіркінді қорлайды.
Тұрса да ол тәштиіп,
Қарынымен қампиған,
Қыртыстары тас-тұйық,
Қара жерде шалқиған,
Сонда да ол келмес тең
Түбірі берік еменмен.
Тіпті қысқа шыбықпен,
Өз бойына шақ келген.
 Құдіреті күшті құдайдың
Рухы артық қой пендеден!
Толқынға ол дем берген,
Тасқынға ол сел берген:
Ағызар толқын адамды,
Батармыз бір түбіне.
Өмірімізді тұр қоршап,
Айналамыз тар шеңбер.
Адамзат өзі арқандап
Өмірін қояр, ол рас,–
Шынжырға мәңгі шек болмас.
(1818)
Көздері-ай маған қараған...
Есімде ерін, төсі де...
Жүрегім, тәнім жарадар –
Бәрі жоқ. Бәрі есімде.
«Батыс шығыс диванынан»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу