Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  270


Автор: Қалижан Бекхожин

БАЛЫҚШЫ

(1778)
Жөңкілді толқын, шулады толқын,
Жағада отыр балықшы мүлгіп.
Тыныштық меңдеп судай бір салқын,
Езіліп жаны, отырды мұңлық.
Отырды ұзақ, кешкірді уақыт,
Бір кезде толқын ырғалып тынды.
Ару қыз шықты өзеннен атып,
Су-су боп басы нән балық сын-ды.
Қарап бір сұлу, әндетті жылдам:
«Тереңде туған жұртымды арбап,
Балықшы, неге тартасың судан,
Шығарып шөлге, лақтырып қармақ.
Білсең ғой, шіркін, балық боп суда
Жүзсең бір еркін, өмір ғой дарқан.
Жүрмес ең қор боп жағада, құмда
Өртеніп күнге, қақталып арқаң».
«Алаулап жанған сәулелі күн де
Шомады суға, салқындап бір сәт:
Жарқырап сонда шұғыласы мүлде,
Нұр шашар жерге қаңсыған сусап.
Суменен түстес емес пе көк те?
Мөлдірі жасыл, салқын ғой самал.
 Жассың ғой жігіт, қапыда кетпе,
Аңсарың мүмкін салқынға соғар?»
Жөңкілді толқын, шулады толқын,
Жағаға тосқын түйдектеп селді.
Балықшы жанын арбады жойқын,
Сиқырлы толқын гүрілдеп төнді.
Ән салды сұлу, әкетіп ырқын,
Балықшы жасқа ым қағып қалды.
Жүгірді жігіт, көк жайсаң шіркін,
Құшақтап алды, жоғалды мәңгі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу