Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  146


Автор: Қалижан Бекхожин

ФУЛЬ КОРОЛІ

(1774)
Фуль де король болыпты,
Ғашық сертін ақтаған.
Жары берген құмыраны
Алтындай сақтаған.
Шарап жұтса құмырадан,
Король ойға батыпты.
Сол жары үшін жоғалтқан,
Көзінен жас атыпты.
Бір күн өлер шағында,
Дәулеттен безді бір жолға.
Тастап тәж бен тағын да,
Құмыраны алды бір ғана.
Жинап нөкер, жасағын,
Теңізді жаға, шатқалға,
Қоштасу той жасады.
Жанына дерт батқанда.
Шарап құйып толтыра,
Төңкере бір ішті де,
 Құмыраны атты толқынға,
Сайда тасқын күшті де...
Қарады сол тереңге,
Күткендей бір ажалды,
Көз жұмды мәңгі король де,
Құмыра да мәңгі жоғалды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу