Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  91


Автор: Қалижан Бекхожин

ПАРАБАЗА

(1820)
Тұрғанда бұрқап жыр жаның
Қиялға құл ең өзің де.
Білсем деп өмір сыр-мәнін,
Асықтың білім, сезімге.
Болса да ұқсас затқа зат.
Дариды ол дара кісіге.
Қиын ғой дүние қат-қабат:
Ұлыға ұқсас кіші де.
Алмасар өмір өзгеріп,
Кеше – бар, бүгін бар тағы.
Дүниеге мен де тез көніп,
Құмарым күнде артады.
(1776)
Шексіз Алла, бәрін де сыйлар шексіз,
Пейілдіге сыйлайды барлығын да!
Барша рақат мәңгі де болар шексіз,
Әлем толы мәңгі де зарлы мұңға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу