Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  76


Автор: Қалижан Бекхожин

ЖАБЫҒУ

(1802)
Мұнша неге жабықтым,
Жүрегімде не сыр бар?
Қапалықпен зарықтым,
Үйім мұнша неге тар?
Кетейінші аулаққа,
Бұлттар көшіп жел кезген.
Барайыншы тау жаққа,
Аясы бар кербез, кең.
Қара көк құстар аспанда,
Әне, самғап сермелді.
Құстар, қайғы басқанда,
Серік көрем сендерді!
Астымызда жартастар,
Астымызда құз – асқар,–
Сұлуым жүр ме, асуда –
Жоқ, осында, қасымда.
Келеді ол қиялдап,
Сол сипатқа ой кетіп.
Әнші құстай аялдап,
Құж орманды тербетіп
Шусыз ағаш ішінде,
Баяу жүріп тыңдайды:
«Үні қандай сүйкімді,
мен туралы жырлайды!»
Кешкі күннен тарады,
 Алтын нұры бөктерге.
Ару күнге қарады,
Күн еңкейіп кеткенде.
Кетті өзенді жағалап,
Басып жасыл көгалды.
Түнерді де көк алап,
Ізі қыздың жоғалды.
Шыңға шығып мен сонда,
Саңқ еттім түнгі сол маңға!
«Жанымды тартып жайнаған,
Жымыңдаған кім маған?»
Аспанда нең бар, ғашығым?
Айхай, тәтті сол бір сәт!
Аяғыңа бас ұрдым,
Сен де маған жай құшақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу