Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  127


Автор: Қалижан Бекхожин

КӨЛ ҮСТІНДЕ

(1775)
Жұттым мен рақат лебін, өмір лебін,
Бой сергіп, кеңіп кетті төңірегім.
Табиғат, ләззәтіңе бас иемін,
Ақ төсің – тәжім етер төрім менің.
Ескектің ырғағымен есіп қайық,
Су шіркін әлдилейді төсін жайып,
Бұлттардың күңгірт басқан ар жағында,
Азулы асқар таулар болды ғайып.
X
Жанарым-ау! Тағы қайта көрдің бе?
Өткен шақтың таңғажайып түстерін?
Лақтыр зілді жүрегім тез сергі де –
Қайта келді өмір, ләззат – күткенің.
Х
Жұтты таңғы тұманды,
Алыстағы өр шыңдар.
Отты түспен шайқалды,
Жайнап кенет толқындар
Оятты жел шымырлап,
Айна бетін мөлдірдің.
Төсін тосты шырын бақ.
Балқып жұтып нәр нұрын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу