Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  362


Автор: Қалижан Бекхожин

ҚЫРДАҒЫ ГҮЛ

(1771)
Айдалада қызыл гүл,–
Көрді соны жас бала.
Аймалады, қызықты,
Иіскеді бас сала.
Жұтты еркін жұпарын,–
Жұтты еркін, қызыл гүл,–
Аймаласаң өзің біл!
«Майыстырам сені мен,
Қызыл гүлім, наз гүлім.» –
«Қадаламын қолыңа.
Жоқ қой менің жазығым!»
Айдалада қызыл гүл,–
Аямасаң өзің біл!
Жұлды бала жасқанбай,
Гүл тұр еді бұлғаңдап,
Қызыл қаны аққандай,
Дір етті гүл қызғалдақ
Зәбірлі қол батқандай.
Айдалада қызыл гүл,–
Аймаласаң өзің біл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу