Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  271


Автор: Қалижан Бекхожин

ДИДАРЛАСУ ЖӘНЕ АЙРЫЛЫСУ

Жаным жанды, бітті халім,
Жөнелейін атқа мініп!
Бөледі кеш қыр алқабын,
Тау иығы түн жамылып.
Міне, алда тұр зор емен,
Қараңғыны бойына орап.
Саңылаудан түн бүркеген,
Жүз қара көз тұр сығалап.
Сәулесінде терең қайғы,
Бұлт ішінен ай жаутаңдап,
Жел қанаты сумаңдайды,
Үрей салып, тауды шарлап.
Албастыдай басса да, түн,
Жүйткіп атым, келем ән сап.
Өмір жайнап, тасып қаным,
Жанымда от жанды сол шақ!
Қиялымда сен ғана тек,
Іңкәр көзің жанды маған.
Ұшты жаным сені тілеп,
Ұшты лебім от боп саған.
Бітті жолым. Бұрынғыдай
Жұпар аттың, көктемім сен.
Қасымдасың! Берді құдай!
Не сырым бар пейішке тең?
Айхай! Міне, шықты күн де
Нұр сипатың солғын тартты.
Қандай сүйдің мені түнде,
 Жаның қандай мұңға батты.
Тұрдым әрең, жаным дал-дал,
Тағы да сен жалғыз қалдың.
Қандай бақыт – сүйікті жар!
Махаббатың – нәрі жанның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу