Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  270


Автор: Қалижан Бекхожин

КӨЗ ЖҰМБАҚ

(1771)
Қорқамын, қалқам Тереза.
Темірдей өткір көзіңнен,
Ашуы зілдей сезілген!
Бірақ кейде бір қарап,
Арбаса көзің жаудырап,
Сұлу бар ма өзіңнен?
Аласың кейде мені ұстап,
Аңдаусыз да құшақтап,
Қос жүрек соғар бір жанып.
Көзден бүркеу алынса,
Түсесің қайта ашуға,
Мүскінге көзсіз сұрланып.
Бұлқып жүрмін сүрініп,
Соғылып тасқа ұрынып,
Азан-қазан думанда,
Ләззатыңа табынам,
Немесе дертке шомылам
Қаңғырам да тұманда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу