Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  301


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Шырпы

Кіп-кішкентай шырпылар –
Дүниенің жойқын алыбы.
Тұтатсаң бірін, бұрқырар,
Қасыңды шарпып жалыны.
Сіңлісі күннің о да бір
Секілді – жалын өлшеулі.
Тұлданар шырпы едәуір
Жандырсаң білмей мөлшерді.
Жаныңнан қалмас жолдасың –
Тамызғы отың сол шырпы.
Прометейдің олжасын
Қастерлер қазақ ел-жұрты.
Өлімге сірә кім құмар,
Ойлантпас кімді жол қамы.
Шырпылар, титтей шырпылар
Ұласпаса өртке болғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу