Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  359


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Шатқал

Баурында Ақшоқының бір шоқ жыңғыл,
Сол жерден басталған сай ұңғыл-шұңғыл.
Қияны барлап ұшып жүрді бүркіт
Шатқалдан шықпас па деп қоян үркіп.
Секектеп, түлен түртіп, сорлы қоян,
Шүйілді тас төбеден бүркіт – ноян.
Бүрді де бақ еткізіп ұмар-жұмар,
Сілкініп тұрды қыран қанып құмар.
Шатқалдың әмсе осындай мінезі бар, –
Не қырсық, не олжа одан ұшырасар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу