15.04.2022
  173


Автор: Қалижан Бекхожин

МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРДЫ МАДАҚТАУ


Бұл ғаламның шегін сызған өз қаламы құдіреттің,
Сызған өзі әлем басын, соңғы күнін ақыреттің.
Жеті қат көк бағыстаны, өсірген сол нулы миуа,
Тәж гүлі боп ізгі сөздің, төккен ақыл, нұрын миға,–
Кім екен ол,– меңіреу жерге жанған шырақ,
болған сәулет,
Расул1 – алла, құдай досы, шарапатты,
ол Мұхаммед.
Мұстафалар падишасы, ғалам оның – кең ордасы
Қол семсері шариғаты, миғраж – тәжді құзар басы.
Ол – пайғамбар, төрт қасиет, бұл дүние одан тапты,
Отты аспанға – салқын сая, қара жерге
шамшырақты.
Ол бес рет намаз оқып, күнде Аллаға иді басын,
Төрт шадияр – оның досы, тапқан сенім ықыласын.
Онсыз мәнсіз ұшпу фәни, елһамымен
даңқы шықты,
Ол елшісі құдіреттің, Алла досы мәңгілікті.
1
Расул – елші.
 Адам1 басқан саз балшықтан, шыққан тұңғыш ол
асыл тас
Ол сарапшы бізді елеген, қорда болған
біз масыл тас.
Шыр айналып күмбез аспан ақырғы рет тоқтағанда,
Күнәмізге рахым тілеп құтпа-дұға оқыр ол да.
Оның мансұқ еткені де Һәман бізге мансұқ болмақ,
Оның хадис, шариғаты – бізге низам, парыз –
ол хақ.
Жарлымын деп қайғырмады, жарлылығын
мақтан етті,
Дүниедегі ұлылықты жүрегіне сақтап өтті.
Ол – шұғыла, сәулесінен жарқын күннің кетер өңі,
Бейне күндей аспандаса, жерден қуар көлеңкені.
Тірліктегі ақиқаттың – ол мәңгілік таянышы,
Дана қазы адамзатқа, шапағатшы сауап ісі.
Ақиқатқа хилаптарды дұғасымен жайратады.
Қатер жолда құлағанды демейді де жайнатады.
Ізгілерге, мүһміндерге жақсылықты тудырады,
Кесепат пен жаһилдердің қабырғасын сындырады.
Сол қолына семсер ұстап, жаза берер сайқалдарға,
Оң қолымен мұндыға нұр, бәлзәм сыйлар
сырқат жанға.
1 Адам – дін аңызы бойынша адамзат атасы, пайғамбар.
 Ақ семсері мұсылманда – зұлыматтан
сақтап қалар,
Ал бәлзәмы қасіретті жүректерге шипа болар.
Сақабалар ат ойнатып, жорығында қасына ерген.
Дүлділдер мен ер-тұрманы, оқаланған
алтын зермен.
Қайда солар? Заманалар өтті, кетті тізіліп көп,
Жорықтағы нөкерінің іздесең де бір ізі жоқ.
Алла өзі пайғамбарын, зор дауамен іздеп тапты,
Аспанды сол әзізіне шаттық үшін жарқыратты.
Мұхаммедтің жасыл-заңғар көз алдында
өсіп–жайнап,
Жай бақ емес шарапатты лала гүлдер, әсем, әйбәт.
Жетпіс мың жыл келешекте, сонау
алғы шақтағылар,
Жетпіс мыңдай парыз болған өсиетін сақтар олар.
Періштелер күмбез көкте түсі қоңыр сүрмеден де,
Жұлдыздар боп жайнар оған, түн
ортасы түнергенде.
Достары оның төрт шадияр – қаһармандар
зор даңқты,
Бұл фәниге мәңгілікті дуал болып қалды мықты.
Көз шұғыласы жарқын еді жанарынан қыранның да,
Дүниеде сөнбес бақи, оның мадақ шырағы да.
 Егер пальма қалса солып, хұрмасынан ада болып,
Оның жұпар лебі тисе, өсер хұрма қайта толып.
Ол жарқырар ақ арай боп көк пен жердің арасында,
Оның мүскүс тынысында – барша тірлік аясы да.
Оның рухы мәңгі бақи жайнай берер ақ мереймен,
Тахты – дүние, тахытта жарқыраған ақ Сүлеймен
Уа, керемет! Тікен емес, хұрма жатты
жолында оның,
Хұрма талы тілгіледі тікенектей жау табанын.
Ақ қайшымен Алла берген сыйлап өзі адал қолға,
Пайғамбары әділ бөлді ай алмасын адамдарға.
Қырыққанда тырнағын ол көп жұлдызды
арайлы көк
Орақ сынды сол тырнақты жақшаланған
айтар ай деп.
Құдіреттің өз тумасы – құлдарынан туған артық
Қалаулысы болып хақтың – тәжін
киді пайғамбарлық.
Уа, жасаған, мәңгілікті даңқың артсын
сан жылдары,–
Қалаулыңның мәңгі-бақи жайнай
берсін шамшырағы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жазира
Жазира 08.05.2023 21:11
Жазирама ыстық

Пікір жазу