Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  156


Автор: Қалижан Бекхожин

ДАЛА ӘНІ

Далаға бір күн шықтым жырды шырқап,
Көтерді дауысымды жел шуылдап.
Көгорай қызыл гүлдер айналамда,
Тұр екен сол әнімді кімдер тыңдап?
Алыстан жалтылдаған күміс өзен
Ішінен көк торғынның күлімдеген.
Шолпысын сылдыратып сыр бергендей,
Күткен бе сұлу әнді ол да менен?
Көрдім мен сол бір жерден қызық істі,
Айналам – торғын жібек қызыл түсті.
Соларды кестелеген керемет жұрт,
Үндері екпіндеген, қызу күшті.
 Көрінді баяу менің шырқағаным,
Өзінен өрен жұрттың жыр қаладым.
Ән салды сонда дала өзі маған
Жаңғыртып жайнап жатқан
қырқаларын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу