Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  236


Автор: Қалижан Бекхожин

КЕЙБІР

Еркін жүзе білмесең көлде нең бар?
Адымы тар кей жігіт өрге құмар.
Ебедейсіз кей сабаз шалқаям деп,
Қапелімде теп-тегіс жерден құлар.
Кейбір қартың өңмеңдеп төрге құмар,
Жалаңдаған кейбір жас шенге құмар.
Кей жылпосқа әркімнің аузын аңдып,
Өсек-шөпшек сөздерді терген ұнар.
Кей туысың жығылған жерде сынар.
Аттап сені, жоғары белге шығар.
Кей досыңның сөзіне бір мін тақсаң,
Ретін тауып, алдымен сені сыбар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу