Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  119


Автор: Қалижан Бекхожин

ҚҰЗДА ТҰРЫП ШАЛҚАЙМА

Құзда тұрып шалқайма,
Құларсың бір тереңге.
Төңіректі байқауға,
Тұғыр да көп төменде.
 Аз ба сірә, жел, ызғар,
Күнге жақын құз тауда?
Алыста ғой жұлдыздар,
Гүл жақын ғой ұстауға.
...Уыста да жер гүлін,
Бас аяқты жайыңмен.
Кішілігің – ерлігің,
Кеудең сонда дәйім кең.
Құздағыны күндеме,
Мейлі мұрнын көтерсін.
Қызық көп қой дүниеде,
Қызғанбай-ақ жетерсің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу