Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  152


Автор: Қалижан Бекхожин

ҚҰШАҚТАҒЫМ КЕЛЕДІ

Гүлі сұлу орманды,
Сусатпағым келеді.
Жүзі жылы жандарды,
Құшақтағым келеді.
Шулап аққан өзенге,
Бұлақ қосқым келеді.
Сыр толқыған тереңге,
Құлақ тосқым келеді.
Басы биік ақ шыңға,
Шынар болғым келеді.
Жаны биік жақсыға,
Сыңар болғым келеді.
Жұлдызы көп әлемде,
Сайрандағым келеді.
Айдай ару әйелге,
Жұпар сепкім келеді.
Жапан дүзге өзгерген,
Жауын құйғым келеді.
Жанары шық көздерден,
Жалын сүйгім келеді.
Дулы-дарқан жастармен,
Жайраңдағым келеді.
Талай қырдан асқанмен,
Сайрандағым келеді.
 Балқып доспын дегенге,
Балдай жаққым келеді.
Бауыры тас еменге,
Балта шапқым келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу