Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  129


Автор: Қалижан Бекхожин

ШЫҚҚАН КҮНГЕ ҚУАНАМ

Шықты шыңға жарқырап күн ақ маңдай,
Дүниеге туды бүгін бақ қандай?!
Ерте тұрып күнге қарап қуанам,
Жаңа өмірім күліп келе жатқандай.
Өткен күннің әбігері таралып,
Тірлік ісін келер қайта таң алып.
 Жаңғырғандай тез жылжыған өмірім,
Шыққан күннен күтем тағы жаңалық.
Мейлі, түнге өкініштер сүңгісін,
Ардақтаймын құдіретті күн күшін.
Жаңа шыққан күнге қарап қуанам,
Келгендей бір жаңа жаршы – жыл құсым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу