Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  195


Автор: Қалижан Бекхожин

БІЗДЕР ӨТКЕН ЖАСТЫҚ ШАҚ


Біздер өткен жастық шақ, –
Жайнап тұрған күнге тең.
Жайылғанда жас құшақ,
Шешек атқан бұл – мекен.
Біздер өткен жастық шақ,
Жаз айындай әсем де.
 Дауылдарда асыр сап,
Кеуде тостық нөсерге.
Біздер өткен жас дәурен,
Бұл ғасырдың басы да.
Біз жарыстық достармен,
Бұл күндерге асыға.
Біздің жастық лебіміз, –
Толқынға тең топтасқан.
Күрестерге теліміз,
Өрендерміз от басқан.
Менің жастық дәуірім,
Өтті жолда – түзу, кең.
Өстік біз де, бауырым
Ағалардың ізімен.
Мақтанды деп қызғанба,
Жарыс қайта тең іспен.
Саған таяу құздарға,
Біз ұмтылдық еңістен.
Саған қызық – зор уақыт,
Жайна жастық күніңде.
Ағаларға сол бақыт,
Із қалдырса ініге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу