Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  105


Автор: Қалижан Бекхожин

ТЕҢІЗ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ

Көк телегей кең айдында,
Көк бұлтындай шұбай өрген,
Тасып толқын, тынбай мұнда
Өз бетінше шу көтерген.
Сонда құмнан алыс шеткі,
Телміріп тек тұйық жатқан, –
Келді жігіт жалын бетті,
Бұйрықпенен құйындатқан:
– Ей, жүгенсіз, елсіз мұнда
Тасып текке үдей берме!
Жүр соңымнан, жүгір құмға,
Гүл егеміз дүлей белге! –
Тулады да теңіз алып,
Толқындарын атты түйдек,
Көрдім, барып батыр халық
Көк жалыннан жатты сүйреп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу