Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  328


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Дауыл

(А.С. Пушкиннен)

Құшады мұнар, ышқынып теңіз,
Жағаға шыға келеді ойнап.
Толқынға төніп, шыңда тұр бір қыз,
Аққудай түнгі қанатын қомдап.
Жарқ та жұрқ етіп қанаты жалын,
От-нажағай тартады қызды.
Ұшырып қыздың орамал-шәлін,
Ұйтқиды дауыл теңселтіп құзды...
Бозғылт бір тартып, жылтылдар аспан,
Тұманда сұрғұлт – тамаша теңіз.
Дауыл көк, толқын – бәрінен асқан,
Емес пе ғажап шыңдағы сол қыз!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу