Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  179


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Сәуле

Көрем дәйім алтын сәуле,
Өңімде де, түсімде.
Ойдағы ма, қалай әлде?
Жүрем бақтың ішінде.
Бақтың іші тегіс жеміс,
Уылжыған бәрі де.
Ерке жаным еліктегіш,
Албыртады бәріне.
Термек болған, мен балдырған, –
Алманы да, өрікті.
Сол жеміске нәр алдырған
Сәнді сәуле көрікті.
Көрем дәйім алтын сәуле,
Қалың бақша ішінен.
Аялаған мені әуелден
Отан нұры ол, – түсінем.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу