Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  149


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Шымылдық

Мен де азамат – арқаланам,
Өз тағдырым – ел тағдырын.
Екшей білем, айта да алам
Асыл ойдың таңдағанын.
Ақ Сарайлар кем емес пе,
Бөлмесінен ар мен сырдың.
Әділеттің төрі емес пе,
Енген мынау шымылдығым.
Керіп төсін төрде отырған,
Жүгінемін арыма тек.
Осынау төрден миллион жан,
Жатқан жоқ па өтіп лек-лек.
Алдыңдағы күллі елімнің,
Ұлы күнгі айтар шыным;
Қолымдағы бюлетенім
Ақыл ойым, жүрек сырым!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу