👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  14.04.2022
  208


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Болашаққа

Арыз жазып кетейін болашаққа 


Құмар болып кетпесін құр атаққа,


22-ғасыр сені ойлаймын,


Айналмасын поэзия құр атаққа.


Артымыздан қалмайды ешбір мұра


Жазылған өлеңдерім үнсіз ғана. 


Жаңа ғасыр адамы сені ойлаймын,


Айналмаңдар бос кеуде бос адамға.


Біздің уақыт өтіп кетті оралмайды 


Біздің ғұмыр қайтадан жаңармайды.


Артымыздан із қалдырып кете бардық 


Жаңғырық болып атымыз өшіп-жанып.


Бұл жерде Мағжан да жоқ, Мұхтар да жоқ.


Бұл жерде бетке ұстар ақында жоқ,


Білемін дәл қазіргі уақытта


Өмірде Айтқалиев Айдоста жоқ.


 


 


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы