Эсселер ✍️

  13.04.2022
  207


Астана Тәуелсіздіктің жемісі

    Сейткалиев Валерий Жаскаиратович


                       Тақырыбы:   Астана Тәуелсіздіктің жемісі.   


 


Мақсаты айқын, мерейі үстем еліміздің құнды жауһары Тәуелсіздік. Иранбақтың мәуелі жемісіндей болған Тәуелсіздіктің бойтұмары Астана. Астана қазақ елінің ғасырлық қара шаңырағы, қазақ елінің басты шаһары болып асқақтай бермек.


Ертедегі қала Астана қаласы қазақ елін болашаққа қандай қырымен танытпақ?


Сайын даланың Сарыарқадай төсіне төселе орналасып, ертегідей қалаға айналған Астана қаласы Тәуелсіздігіміздің жемісі жеңісі. Түркі жұртына талай қала астана болып келсе де, басты кезеңдегі сұлулықтың, биіктіктің негізін қалап, бүгінде атына әлем таңданып отырған ару қала Астана. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегінде: «Ол өз тағдырымызды өзіміө айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау» деп атап көрсеткен жолдары осы Астана қаласының өсіп, өркендеуіне, асқақтап, мерейінің үстем болуына жол сілтейтін ой деп түсінемін.


Астанаға ерекше көрік беріп тұрған Тәуелсіздігіміздің белгісіндей биіктіктің символы «Бәйтерек» мұнарасы, түрлі мәдени ошақтарға арналған көкке құлаш сермей орналасқан сәулетті ғимараттар, адам жанына бір сәттік ләззат сыйлайтын заманауи үлгідегі демалыс орындары мен саябақтар саны жағынан күнен күнге ауыз толтырып айтарлықтай көбейіп, бой көтеріп келеді. Елбасымыздың құтты қонысы «Ақорда» ғимараты, имандылықтың жаршысындай «Нұр Астана» мешіті. Сонымен қатар мәдени ошақтың негізі «Конгресс Холл» мен қатар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейіп, өсіп келе жатқан түрлі сауда кешендері, оқу орындарының зәулім де сәнді ғимарттарын атап айтуға болады.


Астана қаласын әлемге тағы қай қырынан танытуға мүмкіндіктер бар?


Бүгінде келбеті келісті Астананы ертегі қаласы деп атауға болады. Өйткені дәл биылғы жыл Астана атын әлем танып, келіп көріп таңданатын зор мүмкіндікке ие болып отыр. Биыл Астана қаласында «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесі ұйымдастырылып өткізілмекші. Бұл көрменің өтілуіне


де бүгінде қызу дайындық жұмыстары кең көлемде жүргізіліп жатыр. Біз Астана қаласын саяси орталық деп танысақ, Алматы мәдени орталық болып қала бермек.


Қорыта келгенде, адам жанын сұлулыққа бөлеп, жақсылыққа жетелейтін ару Астана мерейі асқақтай түсері сөзсіз. Әлем танып, бас иетін бас қала болуына періште ниетіммен тілектес екенімді менде білдіремін. Ол солай болады да, өйткені бұл ата бабамыздың аңсаған Тәуелсіздігіміздің жемісі деп түсінемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу