Өлеңдер ✍️

  13.04.2022
  390


Автор: Бағлан Ерғали

Жаңа өмір бастадым

Сор ма едің, 


әлде менің бағым ба? 


Қарсы жүзіп келем толқын ағынға. 


Жүрегімнен мүлде сызып тастағам, 


Сен де ұмыт, күтпе мені сағынба. 


 


Күнім едің шуақ шашқан маңайға, 


Көрікті қыз арман болған талайға. 


Қайғы—мұңсыз жаңа өмір бастадым, 


Жасты төгіп жүрме енді жарай ма? 


 


<<Кешірші>> —деп


хат та енді жазбағын, 


Жанарыма ұялатқан аз ба мұң? 


Көрем деп ем үзілгенше соңғы дем, 


Бір өзіңмен маңдайыма жазғанын. 


 


Мейірлене бақыт жайса кең құшақ, 


Бізге ондай берілмейді енді сәт. 


Жүректегі мұң табынан арылып, 


Бақытсызға бақыт қонар келді шақ. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу