Өлеңдер ✍️

  13.04.2022
  356


Автор: Бағлан Ерғали

Күзгі бақ

Күрең белдей ескен самал күз лебі, 


Сағыныш та арта түсті біздегі. 


Кетер емес сен жоқтықтан қасымда, 


Мұң табының жанардағы іздері. 


 


Сары—ала жапырақтар тізілген, 


Сағыныштай жанарымнан үзілген. 


Бірге жүрген күзгі бақтың ішінен, 


Таба алмадым өткен күннің ізін мен. 


 


Кеткендей ме мендік мына күзде есем, 


Табылады шын бақытың іздесең. 


Келер күннен шат күлісіп жүздесер, 


Үмітіңді өтінемін, үзбе сен. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу