Өлеңдер ✍️

  13.04.2022
  368


Автор: Бағлан Ерғали

Шын ғашықпын

Мазам қашып


ойланам түніменен, 


Бітерін деп махаббат түбі немен? 


Ақыл—есті еліткен сүйкімді қыз, 


Шын ғашықпын бір сенің үніңе мен. 


 


Айлы түнім


тұрғандай мұңымды ұғып, 


Сезім күші тұрғызған мыңын жығып. 


Көз алдыма келгенде бейнең сенің, 


Тәтті мұңға батамын өңім жылып. 


 


Сән кіргендей


өмірге мәнсіз мына, 


Тірілтеді бұл сезім жансызды да. 


Күнәһарың болайын мен—ақ мәңгі, 


Ғашықтықтан істеген сансыз күнә. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу