12.04.2022
  137


Автор: Қалижан Бекхожин

ПОЭЗИЯНЫҢ КЕНЕРЕСІ КЕҢ ЗЕРЕНІ

Өлең деген өнер өрісінде Хамит Ерғалиев тұлғасы әріден және поэзияның биік өрінен көрінсе керек. Соғыстан бұрынғы сонау 1939 жылдары қауырсын қаламын ұштаған ақын шыныға келе жыр қанатын қия-қияға сермеді. Ұшқыр, ойлы, алғыр ақын өзінің творчестволық дәуірінде жұртшылық сүйсінген «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Күй-дастан» сияқты келелі дастандармен қоса өз заманының жаршысы болған талай тамаша өлеңдер, кітаптар шығарды. Дарыны ерекше, шебер ақынның мұндай әйгілі туындылары қазақ совет поэзиясы төрінен ерте орын алып, оқырман қауымының ізгі игілігі болып танылған еді.
Ақындар творчествосы – әрдәйім жарыс. Жыр жарыстарында Хамит Ерғалиев, бұрыннан да озық ақын, талай жүлдеге лайық ұшан жүйрік. Бірақ жүйріктердің мәресі – әрқашан бел-белестерден, алдан күтеді. «Алтын зерен» атты өлең кітабын оқығанда мен бұл туындыны ақынның қазіргі сәтті мәресі деп сүйсіндім.

«Шын тұлпар өрге шапса өршеленер» дегендей
«Алтын зерен» жинағында өршіл ақын өз дарынының ерекше қырларын тағы да тың әуенмен таныта білген. Бұл кітапта халқымыздың замандастың бастан кешкен өмір кезеңдері мен қилы-қилы күрестері жайында, біздің дәуірдің отаншыл, еңбекқор, қаһарман өрендері жайында шабытпен шертілген тартымды хикая жырлар бар.
Хамит кітабының атын «Алтын зерен» деп бекерге бейнелемеген.


Біздің Жамбыл бір түніне бір түнді, Жалғаушы еді – жырға қосса жұртымды Алтын зерен тұрушы еді алдында, – Көргенімнен көкірегіме нұр туды.
Қымыз емес, қиялдың бір тереңін, Ақын баппен шайқағанда зеренін, Артушы еді соның балдай түбінен Танушы еді ел шырайын, жер өңін.


Тапқыр ақын бұл жолдарда сырлы аяққа – зеренге құйылған сусын дәмді ел ырысына, халық несібесіне теңейді, сол ел, жер ырзығынан шабыт тапқан дана Жамбылды өзіне тағылым тұта жырлайды.
Бұл өнегелі поэзияның халықтық негізбен үндес болуын ақын өзінің бұрынғы жырларында да, осы туындыларында да кәміл сақтаған. Хамит Ерғалиев – тарихи және совет дәуіріндегі келелі уақиғаларды кең құлашпен шешіле шырқаған эпик ақын атанумен бірге, өз заманының, уақыттың саяси-әлеуметтік ағысын құлшына жырлайтын ұшқыр елгезек ақын. «Алтын зерен» жинағында ұлы көсем Ленинге, партияға, Отанға, республикамызға арналған бірнеше мағыналы өлеңдері бар. Ақын Лениннің жас ұрпаққа, болашаққа арнаған парыз-өсиетін жақсы толғаммен уағыздайды:

Алпыс жыл емес,
Алты мың ғасыр ассаң да, Қызмет қыл адал
Жер-суға, ашық аспанға! Өмірді көркейт! –
Деген өзі ғой Лениннің Біріне бірі
Жалғасып жатқан жас жанға.
(«Қазақстаным менің»)


Хамиттің бұрынғы-соңғылы шығармаларынан біз Ұлы Отан соғысы жайында, сол майданда, жауға қарсы жанқиялық ерлік көрсеткен, қан кешкен ерлер жайында жазған тебіреністі жырларына қанық едік. Бұл кітапта да өткен соғыстың зардабы, қасіреті және де ұмытылмас шақтары жайында күңірене, зілдене жазған жырларын оқығанда қайта бір күрсінесің:


Қан майданды кешкен қайран сабазға, Тағдыр сыйға тартқан сор мен бақ аз ба? Бітпес еді-ау, біздер білген әңгіме,
Әлі жүз жыл көшірілсе қағазға...


Бұл – майданда өзі қан кешкен жауынгер ақынның жалынды сыры. Ұлы Отан соғысындағы совет ерлерінің өз басының бастан кешкен қилы-қилы қатерлі кезеңдерін қазақ поэзиясында буырқана жырлаған қайсар ақын – Хамит Ерғалиев деп білемін. Осы кітаптағы «Қаһарман хикаясы» атты поэмасы жауынгер жыршының сондайлық тебіренісінен туған әсерлі туынды.
Бұл лирикалық поэмасында шебер ақын өзінің дастандарындағы дәстүрге игі машығы бойынша кейіпкер бейнесінде өзі сыр шертеді. Лирикалық кейіпкердің балалық және мектептегі кезі, жігіттік шағы, оның іңкәрі Гүл қыздың сыр-сипаттарын сырбаз

ақын елжірей суреттейді. Алайда, махаббат, жастық шақ әуендерін шерте келе, майдангер ақын дастан ағысын майдан сұрапылына қарай аудара қояды. Бұл дастанда негізгі жауынгер кейіпкердің қанды қырғында жараланып, мүгедек болған тұстағы жауға деген ашу- ызасы, сүйікті қызы Гүлдің аянышты тағдыры, елдегі ата-ана күйініштерін жүректен төгілген жалынды сезіммен жырлайды:


Мен жатамын, аяқ жоқ көсілерге, Қақым да жоқ сонымды көрші деуге, Күн жарықта кеудемді алып барам, Екі қолмен сырғытып көршілерге,–


деп мүгедек кейіпкердің мүшкіл халін сипаттай келе, ақын ауылдағы бейбақ жесірлер мен жетімдердің азалы мұңын күңіренте жыр етеді:


Соғыс жұтқан сор маңдай қазалының Атын атап, жүректен қазады, мұң...


Соғыс алапатын өзі көзбен көріп, жүрекпен терең пайымдаған алғыр ақынның мұндай тебіреністерін теңселмей оқу қиын. Бірақ өміршең ақын соғыстың трагедиясына елжіреп, романтикасына берілмейді, әлемге, халыққа тыныштықты, рахат шақты аңсап асқақ жар салады:


Ғаламдағы қаһарын бар дыбыстың, Күш-құдіретің, ақыл-ой, барлық істің, Сарп етелік өмірді өсіруге
Аты өшсін ажал боп жарылғыштың. Махаббатқа қашанда уақыт құмар Зұлымдықтың қарасы батып тынар! Кең жаһанның рахатын кешпек үшін, Келе берсін дүниеге бақыттылар!

Бұл жолдардан партиямыздың қазіргі абзал да айбынды ұраны – мен, совет халқының арман-тілегі астасып жатқанын айқын сезінеміз.
Хамит Ерғалиев жыр қанатын қияларға сермейтін эпик ақын деп сүйсінетінімізбен бірге, кеудесі кең лирик деп те бағалап келеміз. Өлең өрнектерінде Хамит, сонымен бірге әлеуметтік, күнделікті өмір дүбірлерін, заманның тарихи-саяси белестерін белсене жырлайтын публицист ақын. «Алтын зерен» жинағында, жоғарыда шолып өткен туындылардың арасында саяси-әлеуметтік тақырыптарға, халқымыздың тарихи өткелдерін баяндауға арналған көптеген ұзақ-ұзақ жырлар да бар. Солардың ішінде көлемді орын алған «Өлке шежіресінен өрнектер» атты жыр. Тарихшыл ақын бұл уақиғасыз толғауында қазақ халқының сонау хан билеп, билер төстеген заманнан бергі, патша әкімдері қожаңдаған ауыр кезеңдерді, капитализм кесірлерін жырмен парықтай келе, Қазақстандағы совет дәуірінің түрліше айтулы көріністерін, республика жетістіктерін, тың табыстарын түгендеп баяндайды. Бұл жырларында өзінің партиялық парызын берік сақтайтын коммунист ақын халықтарымыздың достық мерейлері жайында, шадыман өмірі жайында шалқи төгіледі:


Уа, қасиетті түгесілмес дастаным, Өз өлкесі кені диқан, ұстаның
Құтты болсын даңқты күнде мерекең, Бағыстаным – байтақ Қазақстаным!–


деп тартады ұзақ шабыстың тізгінін, айтқандайын, осы бір тарауды «Шабыт тізгінін босату» деп атапты автор. Расында да, дархан ақын бұл «Шежіре» жырында шабыт тізгінін еркінше босатып алған сияқты... «Алтын зеренде» дастангер ақынның «Көгілдір дәптер» аты поэмасы маған айрықша ұнады. Бұл дастан Хамиттің біраз жылдан бері айырымдап жазып келе жатқан,

жеке-жеке шығарма есебінде қабылданған «Жылдар, жылдар» атты күрделі туындыларының жаңа бір бөлігі тәрізді. Оқырмандарға белгілі, ақын осы дастандар топтамасында өзінің сырбаз кейіпкері Жақсылық Асқаровпен уақыт, соғыс және кейбір қауырт уақиғалар жайында сырласып, кеңірек толғанады. «Көгілдір дәптер» атты поэмасын Хамит тапқырлықпен өзінше, жаңаша өрнектеген. Тақырыбының тартымды сыры бар. Алжирдегі араб қызы Лала майданда бір қолынан айрылған қазақ жігіті Ералымен сүйіспендік табады, екеуі ерлі-зайыпты болады. Алжир қызының жан сипаты, өз еліне деген сағынышы және заты басқа қазақ жігітімен берік махаббат сезімдері поэмада өте әсерлі суреттелген:


Бекінген Дала Сағынса елін шыдауға, Шыдауға, ерте,
Самайға түскен қырауға, Ералысын да
Еркелеп құшар сәттерде Бір мезет күліп,
Бір мезет үнсіз жылауға, –


деп назданған сырбаз жар, Ералыға: «мені Қазақстанда өзімнің туған өлкем Алжирдей айналасында теңізі бар жазира құм мекені бар аймаққа апар, екеуіміз вертолетпен сонда халыққа қызмет етейік», – деп базына шарт қояды. Лаланың бұл тілегі орындалып, екі жар Атырау – Жайық жағасына қызметке келеді, мұнайшыларға, теңізшілерге, малшыларға долы табиғат қатер туғызған шақтарда вертолетпен ұшып жүріп қамқорлықкөмек көрсетеді. Бұлпоэманың негізгі арқауы – «Жойқынға жорық» және «Апат және айқас» тарауларына ерекше сүйсінуіміз керек, табиғаттың жойқын әлегіне қарсы халықтың тегеурінді қуатын бұл

адуындыақынбұрындажырлағанеді. Бұлтуындысында теңіз бен өрттің дүлей алапатын суреттегенде ақын өзі де теңіздей бұрқаныпты. Атырау (Каспий) теңізі кенеттен астан-кестен болып жағасында секіріп тасқындады да атырабында еңбек жұртына қатерлі қауіп туғызды. Бұл апатқа қарсы Лала мен Ералы да вертолетімен көкке самғап ел-жұртты, аман сақтап қалуға жан ұшыра жігер жұмсайды. Бұл толғамы күшті тарауларда апат қоршаған жан-жануарлардың көрген үрейлі кейіптері, құтырған теңіздің сұсты сұрапылы өткір бейнелермен әсем әсіреленген:


Прожектор өңшең, Теңізге тұмсық тұр тіреп, Атында соның,
Атылса толқын, Арыстан бейне күркіреп, Аралдар жонын тосады. Боз бұталарын
Сүңгітіп суға сұр түбек.


Мұндай сұмдық алапаттан халықты сақтап қалу үшін арпалысқан Лала, Ералы секілді жанкешті ерлерді де өр сипаттармен суреттеген ақын:


Бала бақшалар,
Кемпір мен шалдар, мүліктер, Елдің дәулеті –
Жас туған өңкей түлектер, Баршасын көкке
Көтеріп ұшқан осылар, Бұлардан асқан
Құдайды көктен біліп көр,–


деп совет адамдарының қаһармандық күрестерін өршіл ақын көтере, шалқи жырлайды. Бұл поэмада

да, жалпы өзінің өзекті жырларында Хамит – табиғат алапатын да, соғыс апатын да тұншықтырушы, нелер қатерлі қауіпті жеңуші – біздің айбынды, құдіретті совет халқы, оның тегеурініне бұл әлемде ешбір сойқан күш төтеп бере алмайды деп асқақ дауыспен жар салды. Соғыс құмарларды өткір тілмен түйреп, тәкаппар сұс көрсетеді:


Ойнама, бұзық,
Ауамен, от су – тірлікпен! Соғыспасаң да
Қатермен жерде тірлік тең. Көрсеңші мынау,
Ақ пейіл адал жандарды, Алып қуатпен
Дүлейге қарсы дүрліккен!–


деп тұжырымдайды поэмасын адуынды ақын.
Хамит Ерғалиев – поэзиямыздың өрен жүйрігі, өзінің
«Алтын зеренін» қолға ұстап қазіргі жыр бәйгесінде келелі жүлдені зор абыроймен алады деп кәміл сенемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу