Өлеңдер ✍️

  11.04.2022
  812


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

21-ғасыр адамдары

21 ғасыр адамдары


Жаны ашып ешкім қарамады


Заманның өзгерер күні жетті,


Ал адамдар бір орында тұрып қалды.


21 ғасыр адамдары...


Ай күн өтіп өзгерер жылдан-жылға


Адамдар қалып барад сол қалпында,


Ұрлық-қарлық көбейген қара заман


Ақындар жырлап өткен зарлы заман


21 ғасыр жаңа уақыт.


Әлсіздер үшін басқа қонбаған бақыт,


Қылмыскерлер бостандықта жүрген щалқып,


Кінәсіздер сан-мыңдаған жүгін артып.


Білімділер жүреді жол шетінде


Білімсіздер абыройлы ел ішінде.


21 ғасыр адамдары


Заманына Мұқаңды сыйғызбаған


Білмеймін мені сыйғызарма мына заман 


Ақ параққа ақ ойымды жазайында,


Білмеймін бәлкім біреу қарайдыма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу