Эсселер ✍️

  10.04.2022
  634


Алғысым көп анашым менің сізге…

Алғысып көп анашым менің сізге
Өмірге мені əкелген
Мəпелеп мені өсірген
Тəй-тəй басқан кезімде
Тұсауымды кестірген


Қанаттыға қақтырмай
Тұмсықтыға шоқтырмай
Шаршасада қиналмай
Қиындыққа мойымай


Осы кезге жеткізген
Білім беріп өсірген
Мақтанышым балам деп
Мақтау сөзге тойдырған


АНА жүрек сезеді гой бəрінде
Баласының қиналған кез сəтінде
АНА жүрек бала үшін бәрінде
Сарп етуге дайын осы өмірде


АНА саған айтар менің тілегім
Ауырмашы
Аман жүрші
Күлімдеші
Қартаймашы
Алыс жүрсем аландамай
Əкеме бір қарап қойшы


Осы өмірде бір ғана менің арманым
Арманым да ылғи менің анам бар
Бақыт тілеп анам менен əкеме
Бас иемін сіздердей əке шешеме.. Баланы өмірге əкелген, жарық берген ол ана. Ана əлемдегі теңдесі жоқ қасиет. Ана алдындағы парызынды қанша жерден жақсылық жасасанда қайтара алмайсын дейді. Иә ол дұрыс. Өйткені ана саған жарық дүние сыйлады, мəселеп өсірді, білім берді, бойына адал қасиеттерді дарыта білді. Үлкенге деген құрметті бойына сіңірді. Жат қылықтардан аулақ болуға үйретті. Ойнап жүріп бір жерінді жарақаттап алсан саған ананнан басқа ешкімнің жаны ашымайды, алыста жүрсен ананның жүрегінен басқа ешкімнің жүрегі ауырмайды. Өйткені əр ана өз баласының қамын ойлайды. Менің балам білім алсын, бір мамандық иесі болсын, өзге балалардан кем болмасын деп жинап тергенін баласына жұмсайды. Біз өмірде көп қателік жібереміз. Кейде қайғырып өзімізге деген сенімізді жоғалтамыз. Осы кезде бізге тек анамыз ғана сенім беріп, қолдап, басымызды қайтадан тік көтеріп жүруге күш береді. Сол себепті біз ешқашанда осы деңгейге анамыз арқылы жеткенімізді ұмытпауымыз керек. Біздей ұрпақ тәрбиелеп отырған аналарға мың алғыс айту ол аздық етеді. Сол себепті аналарымызды өміріміздің соңына дейін алақанымызда аялап өту ол біздің міндетіміз…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу