Өлеңдер ✍️

  09.04.2022
  339


Автор: Абдрахман Асылбек

Менмен тышқан

Кәдімгі үй Тышқаны
Шамадан тыс тойынды.
Өзін асқақ ұстады,
Әрең бұрып мойынды.
Тәкаппардың кім білген
Қуыс кеуде, бос жанын.
Қасындағы бір жүрген
Менсінбеді достарын.
Бөсті-ай келіп ол бірде:
– Осалсыңдар бәрің де.
Мықтымын ғой мен мүлдем,
Артық сымбат, сәнім де.
Көртышқандар төзімді,
Әрі үлкен сендерден.
Мен олардан өзімді
Еш уақта кем көрмен.
Сондықтан да, достарым,
Мен соларға барамын.
Тақпа маған босқа мін,
Бақытымды табамын...
Үйден кетіп сол Тышқан,
Жаңа үйірге косыллы.
Қаптап жүрген көртышқан
Ұсынды оған бос інді:
– Айналайын ініміз,
Жат емеспіз мүлде біз.
Жазылмасын жұбымыз,
Ішіп-жейміз бірге біз.
Жүріп жатты сол Тышқан
Көрмей ешбір жоқшылық
Барып тұрған зор ұшпан
Топастарға тоқшылық.
Бөсті-ай келіп ол бірде:
– Осалсыңдар бәрің де.
Мықтымын ғой мен мүлде,
Артық сымбат, сәнім де.
Саршұнақтар төзімді,
Әрі үлкен сендерден.
Мен олардан өзімді
Еш уақта кем көрмен.
Сондықтан да, достарым,
Мен соларға барамын.
Тақпа маған босқа мін,
Бақытымды табамын...
Кетіп қалып сол шұнақ,
Жаңа үйірге қосылды.
Қаптап жүрген Саршұнақ
Ұсынды оған бос інді:
– Айналайын ініміз,
Жат емеспіз мүлде біз.
Жазылмасын жұбымыз,
Ішіп-жейміз бірге біз.
Жүріп жатты сол Тышқан
Көрмей ешбір жоқшылық.
Барып тұрған зор дұшпан
Топастарға тоқшылық.
Бөсті-ай келіп ол бірде:
– Осалсыңдар бәрің де.
Мықтымын ғой мен мүлде
Артық сымбат, сәнім де.
Атжалмандар төзімді,
Әрі үлкен сендерден.
Мен олардан өзімді
Еш уақта кем көрмен.
Сондықтан да, достарым,
Мен соларға барамын.
Тақпа маған босқа мін,
Бақытымды табамын...
Сапар шегіп қаншалық,
Жаңа үйірге қосылды.
Атжалмандар қарсы алып,
Ұсынды оған бос інді:
– Айналайын ініміз,
Жат емеспіз мүлде біз.
Жазылмасын жұбымыз,
Ішіп-жейік бірге біз.
Жүріп жатты сол Тышқан
Көрмей ешбір жоқшылық.
Барып тұрған зор дұшпан
Топастарға тоқшылық.
Бөсті-ай келіп бірде:
– Осалсыздар бәрің де.
Мықтымын ғой мен мүлде,
Артық сымбат, сөнім де.
Мысық нағыз төзімді,
Әрі үлкен сендерден.
Мен олардан өзімді
Еш уақта кем көрмен.
Сондықтан да, достарым,
Мен соларға барамын.
Тақпа маған босқа мін,
Бақытымды табамын...
Сол тәкаппар Тышқаның
Жаңа үйірге қосылды
Бірақ, нағыз дұшпанын
Көрген кезде шошынды.
Мысық болса күлімдеп,
Көзі шоқтай жайнады.
Тұрған қатты дірілдеп
Қонаққа орын сайлады:
– Айналайын Тышқаным,
Қорықпа да шошыма.
Сабаңа сәл түс, жаным,
Бақыт деген осы да!
Түрің ұқсас Қабанға,
Сөйтті-дағы табанда
Шын мықтысың! –
Бір-ақ қылқып жеп қойды. деп қойды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу