Эсселер ✍️

  08.04.2022
  297


Ерікті болу — ерлік

Жастардың бойына қайырымдылық пен ізгіліктің дәнін себу, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру қашанда маңызды. Жастар  жылының жалғасы ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды – Еріктілер жылы деп жариялады.


Еріктілік – жастардың белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін бірден-бір игі шара. Қазір болып  жатқан әлемдік пандемияға арналған коронавирус індеті кезінде де еріктілердің иглігін айтарлықтай көріп жатырмыз. Ешқандай науқансыз-ақ көптеген жастар өз көмегін ұсынып, тезірек  індеттің бетін қайтаруға көмектесуде.Жастардан  құралған, медициналық білімі бар, көптеген жастар бүгінде індетке қарсы халықпен бірге күресуде.


Жыл басынан бері қаладағы волонтерлық ұйымдар, ерікті жастар, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалымен «Ізгілікте жарысайық», «Жанға жылу», «Мейірім», «Біргеміз» акциялары арасында бірге 100-ден астам шаралар    ұйымдастырылды. Қазіргі таңда шаһарда 3 мыңнан астам ерікті, 20-ға жуық еріктілер ұйымы бар.«Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Еріктілер мектебін» ашып отыр.


«Еріктілер мектебінің» басты мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, мұқтаждарға көмек беріп, ізгілік жолында жастардың өз ізін қалдыруы болып отыр.Сонымен қатар,  жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.


Осы айтылған іс шаралар барысында «Еріктілер жылы» да өз мәресіне жетті.


Алдағы уақытта еріктілердің ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сеніміміз мол. Осы жылы ғана емес барлық уақытта еріктілікпен айналысып қолдап жүрейік!


Ерікті болу –ерлікпен тең. Әрбір жастың бойында белсенді өмір сүру дағдысы қалыптасса алынбайтын асу жоқ екеніне сенеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу