Өлеңдер ✍️

  08.04.2022
  203


Автор: Қалижан Бекхожин

ЖАЙЫҚ ҮСТІНДЕ

Жүзгенде Ақжайыққа қайықпенен,
Кеудемді самалына жайып келем.
Елінің пейіліндей кең арнада,
Өзім де толқын жырға байып келем.
Жанымды тербетеді аққан айдын...
Жұртына жақсы жырмен жаққандаймын.
Бұл жерден туысымдай сырлас тауып,
Жайықта — Ертісімде аққандаймын.
Ойлы орман жағасында тауып сабыр,
Үстінде жүйткігендей қайықша жыр.
Үн қосып қыз-жігітке қырындағы,
Өлеңмен шалқиыншы, Жайықша бір.
Жайығым, аңқып алға өргіп жібер,
Кетсін бір самалындай сергіп жігер.
Кеудеме Құрманғазы күйін төгіп,
Жырыма Махамбеттің өрлігін бер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу