Өлеңдер ✍️

  08.04.2022
  92


Автор: Қалижан Бекхожин

ТЕРЕЗЕМДІ БҮРКЕМЕШІ

Тереземді перделеме, Зайдахан,
Күлімдеген жұрттың көзін көрейін,
Тыңдап бақтан бұлбұл даусын сайраған,
Бәйтеректей көтерілісін мерейім.
Әйнегімді бүркемеші, Зайдахан,
Батар күннің шырайына қарайын,
Найзағайдың,
бұлтты қуып ойнаған,
Жанарыма түсірейін арайын.
Тереземді ашып қойшы, Зайдахан,
Түнде тұрып жұлдыздардай байқайын.
Бір досымның талайына жайнаған
Жұлдыз көрсем, соны жыр ғып айтайын.
Әйнегімді айқара ашып, Зайдахан,
Шолайыншы шың-құздарды ерте мен.
Самал таудан, толқындасын ой маған,
Биіктесін жырмен өрлеп мәртебем.
1974.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу