Өлеңдер ✍️

  08.04.2022
  219


Автор: Қалижан Бекхожин

МҮЛГІГЕН ОРМАН

Күн жарқырап алдымнан
Алтын сәуле себілді.
Ойлар жетіп қалған
Күн көтерді көңілді.
Қарап едім жан-жаққа
Ойлы көзбен ұйқысыз:
Тұр көгілдір аулақта
Мүлгіп орман үн-түнсіз.
Есімде тұр орманды
Кеше басқан көк тұман
Дауыл соғып талдырып,
От дауылда ұйықтаған.
Жанған еді жас гүлі,
Күл боп ұшып жапырақ,
Кеткен ұшып бұлбұлы,
Жай түскенде шатырлап.
Осы арада қағылған,
Жаңғырығы айғайдың.
Асыры еді осы орман
Лапылдаған майданның.
 Қалды ма екен қалжырап
Байғұс орман сол оттан?
Кетіпті тым маужырап,
Мейлі ұйықтасын, оятпан!
Мүмкін оны оятар,
Ән салар да бұлбұлы.
Қайта тағы гүл атар,
Тербелер де күн нұры...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу