Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  117


Автор: Қалижан Бекхожин

БҰЛ ТАУДА ТҰЛПАР-АТА ЖЫЛҚЫ БАҚҚАН

(Ленин совхозының жас жылқышысы Ақан Секуовқа арналды)
Бұл тауда тұлпар-ата жылқы баққан,
Жылқысын Ерейменнің жұрт ұнатқан.
Тұқыртып ақ борандай асауларын.
Жапанға жел жүйрігін зымыратқан.
Осы тау өңірінен жүйрік тынбас,
Қалыпты аталардан ерлік мирас.
Көрдім мен терең сайлы бір адырда,
Асаумен кер арыстандай астындағы
Қарғиды, арындайды, осқырады.
Тебініп қадалыпты тік жалына,
Ер жігіт – Ерейменнің жас қыраны,
Үйреткен тұлпар атты, жігіт-тұлпар5
Бозбала, қыз бәйгіден үміті бар.
Серігі – қарлы боран, асау жүйрік,
Қыз қайда бұл жігітке келетін пар?
Ал, әне, қарады қыз егіндіктен,
Сол шығар сүйемін деп сені күткен,
Асаудың тұқыр басын, Ақан, тоқта,
Жайраңдап жас құрбыңа кел үмітпен.
«Жоқ! – Қамшы тиді аттың сауырына, -
Уақыт жоқ қазір қыздың сауығына».
Құйғытты көп жылқыны қайырғалы,
Егіннен, тұнып тұрған тау ығында.




Тұлпар – ру аты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу