Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  177


Автор: Қалижан Бекхожин

СӘЛЕМДЕМЕ

(«Қызыл ту» газетінің оқушыларына арналды)
Қандай ғажап
Ертістің атырабы!
Жаңалықпен
Жыл таңын атырады.
Сәлем айтып,
Жыл құсың – «Қызыл туың»
Жерлесімді
Жеңіске шақырады.
 Сәлем,
Таудың еркесісің – сұлу Баян!
Жырымызға –
Ежелден сырың аян,
Адырыңнан
Жаңаша ән ағылып,
Шопандарға –
Құт болсын сенің аяң!
Сәлем,
Дәнді жазығы Маралдының!
Ақ боранды,
Айбынды,
Далаң бүгін.
Аппақ қардай
қырыңды бидай басып,
Болсын биыл
жүлдені алар жылың!
Жарқырасын теңіздей шаңқан
қысың!
Ерлеріңнің толқытсын шалқар
күшін.
Көктемдегі Ертістің тасқынындай,
Биыл байтақ жерінде –
дән шалқысын!
Сәлем,
бұрын биікке барғандарға!
Өсе берсін екпіндер
қаулап алға!
Жалын атсын
Жазыққа заводтарың,
 Көрік берсін
Зәулімдер – Павлодарға!
Сәлем, барша достарға, жерлесіме!
Өркендерің –
Жыл сайын өрлесін де, –
Қызыл тумен тұрыңдар алда
жайнап,
Жеңістердің
Келесі көрмесінде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу