Эсселер ✍️

  07.04.2022
  139


Автор: Бірлік күні

1 мамыр бірлік күні

      «Бірлік болмаса, тірлік болмайды» дейді дана халқымыз. Яғни қандай да бір іс болсын, қандайда бір жағдай болсын бірлік болмаса тірлігіміз өнбесі анық. Ал тірлігіміздің өніп, әрбір ісіміздің сәтті болуы әрине бірлікке байланысты, ауызбіршілікке байланысты екені сөзсіз. Енді қараңыз, Қазақстан көпұлтты, зайырлы ел. Біздің елімізде 150 ден астам этнос өкілдері болса, осы ұлттар арасында бірлік пен ынтымақ болмаса өзіңіз ойлап көріңіз, қандай күйде болар едік?! Бірі анда тартса, бірі мұнда тартса, бір-бірінің айтқанын жасамай, бір-біріне қарсы шығып оқ атса, ынтымақ пен бірліктен жұрдай болып, әрбір этнос өкілдері «меніңкі дұрыс» деп өзінің сөзін дұрыстап, басқаға құлақ аспаса тіпті ойлаудың өзі қорқынышты.
      Менің айтпағым, бірлігі мен тірлігі жарасқан, көңілдері ақ, өмірлері пәк, жүрегінде иман бар, көңіліне жиған бар біздің елімізде тұрақтап, өз туған еліндей құрметтеп, өз туған жеріндей Қазақстан еліміздің қарыштап дамуына өз үлестерін қосып барша әлемді таң қалдырып, тамсандырып жүрген Қазақстан халқының өзара достықтары, түрлі этностар арасындағы бір-біріне деген құрметтері мен ынтымақтары жаныма қуаныш сыйлап, жарқын болашаққа деген сенімділігімді арттыра түседі.
Осы қалыптан тайма, елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар өкілдері! Ынтымақтарыңыз бен бірліктеріңіздің жарасымы бұдан да әрі қарай жандана берсін, жалғаса берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бірлік күні баршамызға құтты болсын! Ұлт аралық татулығымыз мығым болып, сыйластығымыз жоғалмасын! Шырайлы да шұрайлы, мерекелі де берекелі күндеріміз көп болып, қабырғамыздың іргесі сөгілмесін!

«Ғажайып Қазақстан — 2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу