Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  276


Автор: Қалижан Бекхожин

ӘНУАР

(Әнуар Омарбековке)
Жігіт еді әзілі бар, әні бар.
Жігіт еді – біздің ерке Әнуар.
Жігіт еді, боздағы еді қазақтың
Еркін, ерке жайраңдаған жаны бар.
Жүрегінен шаттық күлкі төгілген
Ойнаушы еді келемеждеп өліммен.
Еркін жүзбен ерке бөбек секілді –
Қайтып қана ол кетеді өмірден?
Қайғырмашы, Қалима, келеді ол,
Өмір десе өлмейтін ер еді ол.
Өмірі бар, жары бар, достары бар,
Қайтып қиып біздерді өледі ол?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу