Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  392


Автор: Қалижан Бекхожин

МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙШЫЛАРЫНА

(Атақты бұрғышы Қазиз Әбдіразақовқа)
Бұл қиян мәңгі қатқан мидай шығар,
Құмына қалай шыдар, мұнайшылар?
Өмірге жер астынан жалын тартқан,
Күн бетті мұнайшылар – құдайсыңдар!
Ақынмын от пен күнге жаны құмар.
Сүйемін адамдарды жалыны бар.
Жерінде Маңғыстаудың жарқылдасын,
Жұлдыздай отты қолдар, жалын тулар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу