Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  451


Автор: Қалижан Бекхожин

АҚЫН

(Қабдыкәрімге – 50 жас)
Күйшіні сезер нәзік шертісінен,
Батырды байқап қалар өр түсінен.
Сүйсінген едім сенің жас даусыңа,
Өрен бір үн шыққандай Ертісімнен.
Байқап ем құнанның тез жүгірісін,
Аштың кең асып қырдан жыр тынысын.
Өренім, разымын мен шабысыңа,
Бұл күнде жырдың бесті жүйрігісің.
Ұшырған бауырымнан жыр құсымсың,
Жырыңа жыршыл қауым гүл ұсынсын.
Сұңқарым, шарықтай бер қияларға,
Дәуірлеп шапқан сайын жұрт сүйсінсін!
1978 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу