Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  80


Автор: Абдрахман Асылбек

Неге қайттым Гаградан?

Гаграда болып едім,
Бір сұлуды көріп едім.
Жастық шақты есіме алып,
Ағыл-тегіл еңіредім.
Қош айтысып қайта бердім,
Мұңлы әнімді айта бердім:
«Бос шелектей қаңыраған,
Неге қайттым Гаградан?»
Жаппар ӨМІРБЕКОВ
Ішім түгел еріп кетті,
Запранға толып кетті.
Қайғы уын ішпеген ем,
Мұндай күйге түспеген ем.
Енді қайтып көремін бе?
Қайта айналып келемін бе?
Ет жүрегім елжіреді,
Көре ме ол енді мені?
Жылай бердім, жылай бердім,
Өз-өзімнен сұрай бердім:
«Бос шелектей қаңыраған,
Неге қайттым Гаградан?».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу