Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  299


Автор: Қалижан Бекхожин

СЫРЛАСАМЫН ӨЗІҢДЕЙМЕН

(Ғалым Талғат Әбдіразақовқа)
Сырласым білгіштерді талғап, таңдап,
Өзіңдей білгір аз ғой бауырым Талғат.
Жасыбай тереңіндей жан сырымды,
Әлі де біткенім жоқ саған толғап.
Сыр айтсаң сезігі жоқ бір топасқа,
Тауаның шағылғандай қара тасқа.
Баян деп бүйрегімді бұрып келдім,
Тау аз ба аялайтын бұдан басқа?
Мейлі ғой, ондайларға күйінбеймін,
Баянды – бабамыздың үні деймін,
Табынам әулиедей ел-жұртына,
Сыр ұқпас емендерге иілмеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу